Портал 7. "Ассоциация школьных психологов"
Соңғы онжылдықта мектептерде енгізілген психолог және әлеуметтік педагогтардың атқаратын қызметі білім саласының өзекті мәселерін шешуде үлкен роль атқаратынын заман талабы көрсетумен қатар, облыс және қала бойынша мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтары жөнінде кешенді мәліметтер жинақтап, оны талдауда психологтардың 62%, әлеуметтік педагогтардың 100%-ының (қыркүйек, 2005жылғы мәлімет бойынша) арнайы мамандықтары жоқтығы, отандық жергілікті халықтың, білім саласының және оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне бейімделген психологиялық, әлеуметтік қызмет жөнінде әдебиеттердің, соның ішінде ана тілімізде мардымсыздығы бұл мамандардың және мектептегі психологиялық-әлеуметтік қызметтің өз дәрежесінде жүруіне кедергі келтіруде. Сондай-ақ аудандық, қалалық білім және спорт бөлімінде осы мамандықтың әдістемелік жетекшілерінің маман еместігіде, көпшілік мектептердегі психолог кабинетінің жоқтығыда аяққа құрмау болуда. 2005 оқу-әдістемелік жылында педагогика-психология кафедрасы өткізген 7 біліктілік арттыру курсында және 4 тақырыптық семинарларда жүргізілген мониторингтік сауалнама және пікірлесулерден облыс психологтары мен әлеуметтік педагогтарының басты қиыншылықтары айқындалды.
Олар:
1. Отандық әдістемелік құралдардың аздығы, соның ішінде ана тілімізде мардымсыздығы;
2. Аудан, ауыл мектептеріндегі мамандардың бір-бірімен кәсіби байланыс жасау қиыншылығы (себебі мектепте тек бір маманнан ғана);
3. Психодиагностикалық әдістемелерді қолдану және анализ жасау;
4. Түзету шараларын тиімді ұйымдастыру;
5. Қызмет бағыттарын толық жүзеге асыру үшін жағдайдың жоқтығы (кабинет жоқ болса, психологиялық қызметтің басты бағыты кеңес беру жоқ )т.б;
Жоғарыдағы басты қиыншылықтар мен кедергілерді ескере отырып, БҚОПКБА және ҚДИ педагогика-психология кафедрасының жанынан құрылған инновациялық порталдың жұмыстанатын басты бағыттары айқындалды. Мектеп психологтарының қажеттіліктері мен сұраныстарын ескере отырып, өз өтініштерімен облыстық психологтар мен әлеуметтік педагогтар Ассоциациасы құрылды.
Порталдың құрылуына себепкер болған түрткілер: Мектеп психолог-тары мен әлеуметтік педагогтарының облыстық Ассоциациясының ұсыныс-тары мен қажеттіліктері.
Инновациялық портал жұмысының мақсаты:
Облыс мектептеріндегі психологиялық және әлеуметтік қызметті жандандыру үшін уақтылы әдістемелік көмек көрсету, мамандардың кәсіби шеберлігін, құзырлылығын, мәртебесін арттыру үшін алуан түрлі шаралар ұйымдастырып, өткізу.
Білім саласындағы жаңа реформаларды, яғни 12-жылдық білімге көшудегі ықтимал қиыншылықтарының алдын-алу, әдістемелік қолдау көрсете отырып, ата-аналар, педагогтар және оқушылармен жұмыс бағыттарын, кедергілерді айқындау және дамыту, түзету, алдын-алу шараларының бағдарламаларын жасақтауға себепкер болу.
Білім сатыларындағы сабақтастық, бейімделу проблемалары, жасерекшелік проблемалары, бағдаралды даярлықтың кешенді жұмыстарын ұйымдастыру, қиын бала топтарымен, дарынды балалармен, олардың жанұяларымен жұмысты сауатты, кәсіби шеберлікпен және уақтылы көмек көрсету қызметін сүйемелдеу.
Порталдың ғылыми-әдістемелік-ұйымдастыру жұмысының бағыттары
Бүгінгі таңда білім саласы ауқымды, маңызды реформаларды жүзеге асыруда. Қазіргі мектеп ертеңгі
12-жылдық жалпы білім беру табалдырығында тұр. Осыған орай, бүкіл Қазақстан мектептері қызметкерлерінен
ізденімпаздық, шығармашылық жұмыс, жаңашылдық, жауапкершілік, төзімділікті талап етуде.Жеке тұлғаның және оның ортасының психо-медико-педагогикалық ерекшеліктері, жанұя жағдайын зерттеп, олардың қиыншылықтарын, қажеттіліктерін, дау-дамай жағдаяттарын, мінездегі ауытқушылықтарын анықтап, оқушы мен тәрбиеленушілерге уақтылы психо-әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету және психологиялық-әлеуметтік-педагогикалық қызметтің міндеттерін, формаларын, әдістерін, баланың жеке-типологиялық және әлеуметтік проблемаларын анықтау жұмыстарына қолдау көрсетудегі ғылыми-әдістемелік-ұйымдастыру жұмыс бағыттары:
» Облыс мектептерінде психо-әлеуметтік қызметтің өз дәрежесінде жүруіне септігін тигізу үшін педагогика-психология кафедрасының жанынан ресурстық орталық құру;
» Мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтарының біліктілігі мен шеберліктерін арттыру мақсатында курстар, тақырыптық семинарлар өткізу;
» Жергілікті жерде (аудандық) мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтардың әдістемелік бірлестігін құру;
» Аудандық, қалалық білім бөлімінің жетекші әдіскерімен байланыс орнату;
» Инновациялық порталдың толыққанды жұмыс істеуі үшін шығармашылық топ құру;
» Озық тәжірибе мен тәжірибелі мамандар (білім мекемелерінің психо-логтары мен әлеуметтік педагогтары) еңбектерін облыс көлеміне тарату;
» Білім саласындағы реформаларға сәйкес дер кезінде әдістемелік нұсқау және жинақтарды мемлекеттік және ресми тілде шығару;
» БҚОПКБА және ҚДИ сайты арқылы виртуалды психо-әлеуметтік қызмет жұмысын жолға қою;
» Облыс және қала бойынша тірек мектептерімен қарым-қатынасты нығайта отырып, әлеуметтік-психологиялық қызметтің практикалық үлгі базасына айналдыру;
» Білім мекемелерінің психологтары мен әлеуметтік педагогтарының мәртебесін көтеру мақсатында түрлі ғылыми конференциялар, оқулар, сайыстар т.б шараларды ұдайы өткізу;
» Білім мекемелерінің психологтары мен әлеуметтік педагогтарының басты кәсіби қиыншылықтары мен кедергілерін нақтылап, тақырыптық семинар, кеңестер өткізу;
» Облыс бойынша білім мекемелеріне енгізілген жаңа маман-әлеуметтік педагогтың жұмысын жолға қою және ұжымның, ата-ананың, жалпы жұртшылықтың жағымды көзқарасын қалыптастыруға себепкер болу;
Шамұратова Құралай Шамұратқызы - І санатты педагог-психолог, ОПКБАИ педагогика-психология кафедрасының аға оқытушысы, инновациялық портал жетекшісі, облыстық педагогикалық оқуда "Болашақ мектептердегі психологиялық қызмет" жасаған баяндамасы жоғары бағаланған, аудандық "Жыл мұғалімі" байқауының жүлдегері, "Балалар психологына", "Мамандық таңдау: арман мен шындық", "Мектептегі әлеуметтік қызмет" атты әдістемелік құралдардың құрастырушысы және аудармашысы.