Эксперименттік алаң мүшелерінің жұмыстары ОПКБА және ҚДИ-да тыңдалып, жинақ болып басылды.
Эксперименттік алаң құру неліктен қажет болды ?
дәстүрлі білім берудегі басымдылықтар мен құндылықтардың өзгеріске ұшырауы, ұлттық және адамзаттық құндылықтарға негізделген жаңа білім философиясының қалыптасуы;
білім беру мекемелерінде Халықаралық ИСО сапа стандарттарының, білім сапасы мониторингінің тәжірибеде кеңінен қолданыла бастауы;
білім реформасының бір сипаты ретінде ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) ендірілуі және оның қорытынды нәтижелері бойынша пайдалануға болатын мүмкіндіктердің әлі де жеткіліктілігі;
педагог кадрлардың білім сапасын жетілдіру бағытындағы жоғары деңгейдегі педагогикалық ізденістік және проблемалық зерттеушілік құзырлығын қалыптастыру қажеттігінің туындауы;
менеджмент және маркетинг жетістіктері негізінде білім сапасын басқару теориясы мен тәжірибесінің дамуы, білім жүйесіндегі сабақтастық пен интеграциялық үрдістің маңыздылығының артуы;
инновациялық оқу орындарында ендіріліп жатқан алдыңғы қатарлы оқыту технологиялары мен жаңа әдістемелік жобалардың тиімділік
Мақсаты:
Оқыту үрдісіне инновациялық технологияларды ендіру, педагогикалық ізденістер негізінде сапалы білім мен жаңа мағынадағы сауаттылықтықамтамасыз ететін отандық және шетелдік ғылым мен тәжірибе жетістіктерін терең меңгеру және тиімді пайдалану, оқытудағы бірізділік пен оқушылар мен мұғалімдердің дербес мүмкіндіктерін дамыту арқылы білім сапасын көтеру
Міндеттері:
Демократиялық білім беру философиясы негізінде жасалған жаңа
оқыту технологиялары арқылы мұғалімдерді кәсіби-педагогикалық
деңгейін арттыратын арнайы курстар ұйымдастыру;
Оқыту үрдісіне ендіріліп жатқан инновациялық технологиялардың
тиімділік көрсеткіштері мен өлшемлерін айқындау, мониторинг
жүйесі арқылы жетілдіру және одан әрі дамыту;
Білім сапасын арттыру және білім берудегі сабақтастық пробле-
малары бойынша ғылыми-ізденістік зерттеу жұмыстарын
жүргізу, ізденіске байланысты тиісті ғылыми-практикалық
көмек көрсету;
Озық педагогикалық тәжірибелерді, әдістемелік құралдар мен
нұсқаулар құрастыру және кафедра отырыстарында талқылап,
бекіту, таратуға ұсыныстар даярлау.
Біз қандай нәтижелер күтеміз?
Мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық деңгейі жоғарылап, білім сапасын арттыру үшін қажетті жаңа технологияларды меңгереді, тәжірибеде пайдаланады;
Өздерінің педагогикалық-психологиялық проблемаларын айқындай алады және сол бағытта зерттеушілік-ізденістік әрекеттерін ұйымдастыра біледі;
Қолданылып жүрген инновациялық технологиялардың тиімділігін айқындайтын көрсеткіштер мен өлшемдерді белгілей алады және олардың білім сапасына ықпал ету деңгейін мониторинг негізінде қадағалап отырады;
Педагогикалық рефлексия, оқушылардың өзіндік рефлексиялық әрекеттері арқылы өзіндік білім сапасын көтерудегі ішкі және сыртқы мониторинг қызметтерін ұйымдастыра алады;
Мектеп мұғалімдерінің білім сапасын арттыру бағытында университет ғалымдарымен, педагог кадрлар біліктілігін арттыру институты мамандарымен бірлесе отырып әдістемелік нұсқаулар, бағдарламалар мен қосымша құралдар дайындайды, озық тәжірибелерді ғылыми-әдістемелік кеңестерде талқылап, таратуға ұсына алады;
Білімділік көрсеткіштерін бағалау, коррекциялау, одан әрі жетілдіру жұмыстарында бірізділік пен сабақтастық әрекеттерін үнемі жүргізіп отыру, сыртқы және ішкі мониторинг қызметтерін жүйелі ұйымдастыру нәтижесінде оқушылардың білім сапасы жоғарылайды деп күтіледі.
Серіктес мектептер
Қаратөбе ауданы Қаратөбе мектеп - гимназиясы
Жәнібек ауданы Т.Жароков атындағы мектеп
Тасқала ауданы
Зеленов ауданы
Эксперименттік алаң
“Сыни тұрғыдан ойлау”қоғамдық бірлестігі
Бөрлі ауданы Ақсай қалалық №1 мектеп
- Тренингтер
- Семинар-практикум
- Ашық есік күні
- Дамыту семинарлары
- Мастер кластар
Теректі ауданы Ақсуат орта мектебі
Орал қаласы
- Оқу конференциясы
- Даму семинарлары
- Оқыту семинарлары
- Оқушылар конференциясы
- Оқу күні
Ақжайық ауданы
Экперименттік алаң мүшелерінің портреттік галереясы
Тұржанова Балзия Саудабайқызы – эксперименттік алаң жетекшісі. ОПКБА және ҚДИ басшы кадрлар бөлімінің әдіскері. Химия пәнінің жоғары санатты мұғалімі. Проблемалық тақырыбы: "Оқушылардың өзіндік ізденіс жұмыстары арқылы шығармашылық қабілетін дамыту". Оқушылары қалалық, облыстық пән олимпиадаларының жүлдегері. Мақалалары "Кәсіби даму мектебі" кітаптар сериясында жарияланған. Облыстық, Республикалық, халықаралық конференциялырға қатысып, іс – тәжірибесімен бөлісіп отырады. "Сын тұрғысынан ойлау" жобасының тренері.
Мусаева Жанбота Оспанқызы – қазақ тілі мен әдебиетінің жоғары санатты мұғалімі. "Әдебиет сабақтарында оқушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастыру" атты проблемалық тақырыппен жұмыс істейді. Оқушыларға тілдің құдіретін, сөз өнеріні айшықты өрнектерін меңгертуде тынымсыз еңбек етіп келеді. Оқушылары қалалық, облыстық пән олимпиадаларының жүлдегерлері. "Жыл мұғалімі - 2006", Республикалық "Білім ұясы:үздік мұғалім" байқауының облыстық кезеңінің І орын жүлдегері. Облыстық, Республикалық конференцияларға қатысып, өз нәтижесімен бөлісіп тұрады. Қазақ Ғылым Академиясының Қоғамдық бірлестігінің "Жаңашыл педагог" белгісінің иегері, СТО жоюасы тренері. ОПКБА және ҚДИ штаттан тыс лекторы. Іс-тәжірибесі облыс көлемінде таратылған. ҰБТ-дағы көрсеткіш 100 %.
Абитова Сәнім Қуанышқызы – жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі. "Сын тұрғысынан ойлау" жобасының Батыс Қазақстан облысындағы координаторы, тренер. Проблемалық тақырыбы "Бастауыш сынып оқушыларының этнографиялық зерттеулері". "Панорамалық сабақтар" байқауы облыстық кезеңінің ІІІ орын жүлдегері. Оқушылары қалалық пән олимпиадалары мен шығармалар байқауының жүлдегері. Мақалалары "Кәсіби даму мектебі" кітаптар сериясында, халықаралық "Перемена" журналында жарық көрді. Халықаралық О.А. мүшесі.
Ахметова Злиха Базарбайқызы – жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі. Проблемалық тақырыбы - "Оқушылардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту". "Тілашар", "Логикалық ойлаудан шығармашылық нәтижеге" атты бағдарламаның авторы. Іс-тәжірибесі облыс көлемінде таратылған. Оқушылары математикадан қалалық, облыстық, Республикалық кіші олимпиадалардың жеңімпаздары. БҚМУ, ОПКБА және ҚДИ ұйымдастыруымен облыстық конференцияларға қатысты. Мақалалары облыстық "Ұстаз" және Республикалық "Бастауыш мектеп" журналдарында жарық көрген. ОПКБА және ҚДИ штаттан тыс лекторы. Қалалық аттестаттау комиссиясының мүшесі.
Мулдагалиева Балжан Ғалиқызы – бастауыш сынып мұғалімі. "Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту" қоғамдық бірлестігінің мүшесі. Проблемалық тақырыбы - "Оқушы білімін коррекциялаудағы ата-ана, оқушы, мұғалімнің бірлесккен жұмысы". Іс-тәжірибесі қала, облыс көлемінде таратылған. Оқушылары қалалық, облыстық олимпиадалар жеңімпаздары. Қалалық, облстық конференцияларға қатысты, іс – тәжірибесі облыс көлемінде таратылды. "Бастауыш мектеп" журналында "Ата – аналарды педагогикалық, психологиялық таным негізінде серіктестіккке тарту" атты мақаласы жарық көрді. Қалалық аттестация комиссиясының мүшесі (2005 – 2006 жыл), қалалық эксперттік комиссиясының мүшесі (2005 – 2006 жыл), ОПКБА және ҚДИ штаттан тыс лекторы.
Бижанова Гүлмира Нағашыбайқызы - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі. Проблемалық тақырыбы – "Оқушылардың өзін - өзі басқару ұйымының жұмысын жетілдіру". ОПКБА және ҚДИ тыңдаушыларына, қала мектептері директорлары орынбасарларына ашық сабақтар мен тәрбие сағаттарын, семинарлар ұйымдастырады. Гимназияның сынып жетекшілері Гүлмира Нағашыбайқызының басшылығымен түрлі конкурстарға қатысып, жеңімпаз атанып жүр. Ата – аналар жиналысын жаңаша өткізу әдістері облыстық, Республикалық басылымдарда жарияланды. Оқушылары Республикалық ғылыми жобалар сайысы облыстық кезеңінің, тарих пәнінен қалалық олимпиадалардың жүлдегерлері.
Каналиева Оразғаным Қайырханқызы – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі. Проблемалы тақырыбы – "Дарынды балалармен жұмыс". Әдебиет пен тілді жаңа әдіс – тәсілдермен оқыту туралы ойлары облыстық басылымдарда жарияланған. Халықаралық, Республикалық конференцияларға қатысушы. Оқушыларының шығармашылық жұмыстары облыстық "Орал өңірі", "Жайық толқыны" газеттерінің бетінде жарияланып, жүлделі орындарға ие болды. Оқушылары қалалық пән олимпиадаларының, мәнерлеп оқу, шығармалар сайыстарының жеңімпазы. Ғылыми жобалар байқауында жұмысы облысқа ұсынылды.
Матышева Гүлмира Қобыланқызы – ағылшын тілі пәнінің I санатты мұғалімі. Проблемалы тақырыбы – "Ағылшын тілі сабақтарында оқушыларды сөйлеуге дағдыландыру". "Құқық бұзушылықтың және зиянды заттардың алдын - алу" тақырыбындағы облыстық жобалар сайысының 1 орын жүлдегері. Оқушылары қалалық мини – театр байқауларының, пән олимпиадаларының жеңімпаздары. Қала мұғалімдеріне ашық сабақтар мен семианрлар өткізіп тұрады.
Жұбанышалиева Шолпан Қалиоллақызы – орыс тілінің жоғары санатты мұғалімі. Проблемалық тақырыбы – "Личностно – ориентированный подход к развитию коммуникативных способностей учащихся на уроках русской речи". "Контрольные задания для проверки знаний учащихся в 5 – 7 классах с казахским языком обучения" бағдарламасының авторы. Қалалық озат тәжірибе мектебінің жетекшісі, қала мұғалімдеріне арнап, бірнеше ашық сабақтар мен семианрлар өткізді. ҰБТ – да 100% білім сапасын көрсетті. Оқушылары қалалық олимпиадалардың жүлдегері. Қалалық, облыстық конференцияларға қатысушы.
Баймұратова Надия Гилманқызы – бастауыш сыныптың жоғары санатта мұғалімі. Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі. "Оюмен өрнектелген көнркем жазу", "ң дыбысының емлесі", "Таным" атты бағдарламалардың авторы. Облыстық "Ұстаз", Республикалық "Бастауыш мектеп" журналында бірнеше мақаласы жарық көрді. "Бастауыш пен орта буын арасында бірізділікті қамтамасыз ету" атты проблемалық тақырыпта жұмыс істейді. Оқушылары қалалық олимпиадалардың, мәнерлеп оқу, шығармалар байқауларының жүлдегерлері. Қала, облыс мұғалімдеріне бастауыш сыныптағы мәселелер туралы әдістемелік көмек беріп отырады. ОПКБА және ҚДИ штаттан тыс лекторы.
Жанбузова Мейірхан Қадемқызы – І санатты география пәнінің мұғалімі. Проблемалық тақырыбы: "География сабағында оқушыларды өздік жұмыс жасауға үйрету". RWСT тренері. Облыстық, Ұлттық конференцияларға қатысып, іс-тәжірибесін қала, облыс көлемінде таратып отырады. "Жайық ұстазы", "Қоңырау" әдістемелік құралында, "Дауыс және көрініс" журналында мақалалары жарық көрді. Оқушылары географиядан қалалық олимпиада жүлдегері. Қалалық жас мұғалімдер мектебін басқарды. ҰБТ бойынша география пәнінен 100% білім сапасын көрсетіп келеді.
Ихсанова Софья Зейноллақызы – бастауыш сыныптағы орыс тілінің Ісанатты мұғалімі. Проблемалық тақырыбы: "Неограниченные возможности каждого ребенка в русском языке". 1 сынып оқушылары үшін "Жұмыс дәптерін" тәжірибеден өткізіп, қолданысқа енгізді. Орыс тілін ерте жастан оқыту жөніндегі жұмыстары өз нәтижесін көрсетіп келеді. Қала мұғалімдеріне ашық сабақтар беріп, іс-тәжірибесімен бөлісіп келеді. Бастауыш сыныптағы орыс тілі пәнінен әріптестеріне үнемі әдістемелік көмек береді.
Оқуға арналған VI облыстық конференциясының жұмыс сәті
VI областная конференция по Чтению
"Сауаттылық кеңістігін кеңейту"
"Расширяя границы грамотности"
17 сәуір 2009 жыл, Орал қаласы
Орал қаласы, №27 ЖОББМ директоры С.Н. Сафиуллин "Ақпараттық технология және сауаттылық"
жөнінде пікір бөлісуде
ОПКБАжҚДИ проректоры А.Т Айтбөкешев "Сауаттылық өркендеген мектептер"
секциясының жұмысын қорытындылады
Қазақстан Республикасындағы 2005 – 2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру міндеттері ұстаздар алдына қазақстандықтардың жаңа ұрпағын қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім берудің тиімді жүйесін құруды мақсат етіп қояды. Осы бағытта мектептер оқутудың жаңа технологияларын пайдалануда.
"Сыни ойлау негізінде педагогикалық менеджментті дамыту" бағытында Ұлттық конференцияға қатысушысы Орал қалалық №45 ЖОЬЬМ директоры Т. Б Оңғарова және Қаратөбе ауданы Шалғын НББМ директоры С. Қ Наурызғалидың жұмыс сәтінен