Воскресенье, 19.05.2024, 08:16

Приветствую Вас Гость
Меню сайта

Наш опрос
Оцените наш сайт
Всего ответов: 203

Полезные ссылки

Статистика

Ваши данные
Узнай свой IP адрес

Главная » 2009 » Июнь » 19 » «ACTIVSTUDIO үздік оқыту презентациясы»
«ACTIVSTUDIO үздік оқыту презентациясы»
14:24
ОПКБА және ҚДИ-ның 2009 жылғы жұмыс жоспарына сай 2009 жылдың 3-26 тамыз аралығында «ACTIVSTUDIO үздік оқыту презентациясы» атты жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдеріне, кәсіби мектептер мен лицейлердің, колледждердің мұғалімдеріне арналған облыстық байқау өткізіледі.
«ACTIVSTUDIO үздік оқыту презентациясы»
облыстық байқау-конкурсы туралы
ереже

1. Жалпы ереже
Бұл ереже байқау-конкурстың мәртебесін, мақсаты мен міндеттерін, оны өткізу тәртібі мен мерзімін, байқау-конкурсқа қатысу шартын және оның қорытындысын шығару мен марапаттау рәсімдерін анықтайды.

2. Байқау-конкурсты ұйымдастырушылар
Байқау-конкурсты ұйымдастырушылар – Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасы, Батыс Қазақстан облыстық педагог кадрлар біліктілігін аттыру және қайта даярлау институты. Байқауға қатысушыларды көтермелеу үшін демеушілерді қатыстыруға болады.

3. Байқау-конкурстың мақсаты
Байқау-конкурстың мақсаты - оқыту процесінде интерактивті құралдарды қолданудың жақсы үлгі тәжірибесін тарату және жалпылау, ACTIVSTUDIO бағдарламалық құралының көмегімен жасалған үлгілі әдістемелік жұмысты жариялау және тарату, мұғалімдердің кәсіби деңгейінің өсуі мен әдістемелік шеберліктерін қалыптастыру және тәжірибелік-зерттеу жұмыстарына қажеттіліктерін арттыру.

4. Байқау-конкурстың міндеттері:
 мұғалімдердің оқыту үрдісінде интерактивті құралдарды қолдана білудегі кәсіби және ақпараттық құзыретін анықтау;
 қазіргі замандағы ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқыту үрдісіне енгізу жағдайындағы пән мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыру;
 интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін оқыту-тәрбиелеу процестерінде қолдануға ынталандыру;
 дарынды, шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерді анықтау;
 мұғалімдердің кәсіби қарым-қатынасын ұйымдастыру және шығармашылық табысымен бөлісуін ұйымдастыру;
 ACTIVSTUDIO бағдарламалық құралының мүмкіндіктерін оқыту-тәрбие процестерінде қолдануда мұғалімдердің жаңашыл педагогикалық тәжірибелер туралы мәліметтер банкін толықтыру;
 интерактивтік құралдарды пайдалануда неғұрылым тиімді әдістерді анықтау.

5. Байқау-конкурсты өткізу уақыты
Байқау 2009 жылдың мамырынан тамызына дейін 2 кезеңде өтеді.
І кезең (іріктеу). Сырттай өтеді 3 тамыз 2009 жыл
ІІ кезең – (финал). Күндізгі тәртіппен өткізіледі. Іріктеу кезеңінен өткен байқау-конкурсқа қатысушылардың жұмыстарының тұсаукесері (облыстық білім қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында өтеді).

6. Байқау-конкурсқа қатысу шарттары
6.1 Облыстық байқау-конкурсының іріктеме кезеңіне БҚО білім мекемелеріндегі, орын алған пән мұғалімдері қатыса алады.
6.2 Байқаудың күндізгі кезеңіне тек сырттай іріктеуден өткен, үздік жоба иелері ғана жіберіледі.
Алдыңғы облыстық және республикалық байқауларда жүлделі орындарға ие болған жобалар байқауға қатыстырылмайды, соңдай- ақ интернеттен көшірме қабылданбайды.

7. Конкурстық материалдарға қойылатын талаптар
7.1 . Әрбір пән мен арнайы қурстардың жұмыстары жалпы білім беру стандарты негізінде оқушылардың физиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне байланысты құрастырылуы керек;
7.2 . конкурстық жұмыста келесі деректер (электрондық нұсқада) көрсетілуі керек:
- автор (авторлық ұжым) жайындағы титул бетінен: тегі, аты-жөні, мектеп, қала (ауыл, аудан), байланыс телефоны (кодымен бірге);
- жұмыс (*.doc байланыса) төмендегі мазмұндағы сипаттамамен қамтамасыз етілуі қажет:
пән саласы (пән, сынып, тақырып) материалдарды пайдалану және вариативтік нұсқадағы авторлық ұсыныстар;
сабақ жоспары;
жұмыстың негізгі мақсаты;
күтілетін нәтиже;
ғылыми дәлелденгендігі мен өзектілігі.
- ACTIVSTUDIО бағдарламасы көмегімен құрылған оқу презентациясы
7.3 . қажеттілігіне қарай қонкурстық жұмысқа қосымша материалдар мен файлдар, суреттер, пайдаланылған материалдар тізімін ұсынуға болады.
7.4 . жіберілген жұмыстың шартты қалпы (форма) сақталмаса қонкурстан шеттетіледі.

8. Жұмыстарды байқау-конкурсқа жіберу реті
Байқауға қатысуға өтініш 2009 жылдың 3 маусым мен 3 тамыз аралығында қабылданады.
Облыстық байқауға жіберлетін жұмыстар (электрондық нұсқада (CD, DVD))қабылданады 3 ші тамыз 2009 ж. мекен жайы: Ұйымдастыру бөліміне
ОПКБАжәнеҚДИ
090002, Орал қаласы, Евразия даңғылы, 238 тел.: 8(7112)54-38-37
e-mail: zkoipk@mail.ru
2009 жылдың 3 тамызынан кейін ұсынылған жұмыстар байқауға жіберілмейді .
Материалдар қазақ және орыс тілінде ұсынылады.
Байқау жұмыстары қайтарылмайды және оларға пікір жазылмайды.

9. Бағалау реті
І кезеңде (іріктеу) байқау жұмыстары төмендегі белгілеріне қарай бағаланады:
 оқушылар үшін жаңалық дәрежесі; (15 ұпай)
 оқу материалының мазмұнының сабақ міндетіне сәйкестігі; (15 ұпай)
 практикалық іске асу дәрежесі ; (20 ұпай)
 бақылау дәрежесі; (25 ұпай)
 ACTIVSTUDIO құралдар жиынтығын дұрыс қолдану; (10 ұпай)
 безендіру эстетикасы. (15 ұпай)
II кезеңде (финал) мыналар ескеріледі:
 таныстыру құзыреттілігі, шешендік, шеберлік дәрежесі (тілдің нанымдылығы, дәлелділігі, сауаттылығы); (40 ұпай)
 жоба мазмұнын көрсетудің бірегейлігі; (40 ұпай)
 жобаны таныстырудың ұйымдастырылуы (техникалық және ұйымдастырушылық дайындық) (20 ұпай).
Әр жобаны қорғауға берілетін уақыт 15 минуттан аспауы керек.

10. Байқау конкурстың қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитеті
Ұйымдастыру бөлімі байқау-конкурс тұжырымдамасын, оны өткізу тәртібін анықтап, қазылар алқасын бекітіп, Байқау-конкурс туралы ЕРЕЖЕлер мен ағымдағы құжаттарды даярлайды, сонымен қатар байқау-конкурс кезеңдерін және материалдарды бағалау мен сынауды ұйымдастырады.
Қазылар алқасы тапсырылған жұмыстардың сапасын, мазмұны мен безендірілуін, шығармашылық және кәсіби деңгейін бағалай отырып, жұмыстың негізгі идеясының маңыздылығы мен дәйектілігін, білгірлігінің ашылуын қадағалайды.
Байқау-конкурстың финалдық кезеңінің қатысушыларын анықтайтын қазылар алқасының шешімін Ұйымдастыру комитеті 15 тамызда облыстық Білім басқармасының сайтында (eduzko.kz) жариялайды.
Қазылар алқасының шешімі Ұйымдастыру бөлімінің төрағасы мен хатшысының қолымен бекітіліп, хаттамамен Батыс Қазақстан Білім басқармасы бұйрығы негізінде рәсімделеді.

11. Жеңімпаздарды марапаттау тәртібі
11.1 Жеңімпаздар сарапшылар алқасының шешімімен жоғарыда қойылған талаптар мен белгілерге сәйкес (7,9 п) анықталады.
11.2 Байқау-конкурс лауреаттары дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталады. Конкурсқа қатысушыларға сертификаттар беріледі.
11.3 Байқау-конкурс қорытындысын шығару және жүлдегерлерді марапаттау салтанатты жағдайда өтеді. Әрбір бағыт бойынша 5 жүлделі орын белгіленеді:
- Жаратылыстану-математика пәндерін оқытудан үздік тұсаукесері;
- қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқытудан үздік тұсаукесер;
- бастауыш сыныптарды оқытудан үздік тұсаукесер;
- сыныптан тыс шаралар өткізуден үздік түсаукесер ;
- Дарынды балаларға арналған ең үздік арнайы оқу курсының тұсаукесері
11.4 Келесі номинациялар бойынша ынталандыру грамоталары беріледі:
- ең үлгілі дизайн;
- ең үздік тестілік бағдарлама;
- ең үздік анимациялық ролик.

Үйлестірушілердің байланыс телефондары:
Коровина Светлана Валериевна,
тел.: 8 (3112) 54-37-01, e-mail: zkoipk@mail.ru.
Обыденкина Лариса Валентиновна,
тел.: 8 (3112) 23-75-26, факс. 8(3112) 54-38-37, e-mail: risa8@ok.kz.

Просмотров: 2175 | Добавил: Svetlana | Рейтинг: 5.0/1 |
Форма входа

Календарь новостей
«  Июнь 2009  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Поиск по новостям

Информеры



Праздники Казахстана

Погода

GISMETEO: Погода по г. Уральск


Доски объявлений

Мультимедийный   кабинет - MERiTS Доски объявлений, объявления на 495RU.ru


Copyright ZKOIPK © 2007-2024 Сайт управляется системой uCoz