Ағылшын тілі мұғалімдерінің облыстық олимпиадасын өткізу тәртібі 1. Олимпиада мақсаттары мен міндеттері: • Талантты, шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтарды анықтап, оларды қолдау мен марапаттау; • Мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру, мұғалімнің қоғамдық негізгі бейнесін қалыптастыру; • Озық педагогикалық тәжірибені жинақтау, тарату және насихаттау; • Авторлық педагогикалық технологияларды, оқыту және тәрбиелеу әдістерін анықтау мен жүйелеу. 2. Олимпиадаға қатынасушылары: Олимпиадаға негізгі, орта білім беру мекемелерінің облыстық мектеп ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің қатысуға құқығы бар. Олимпиаданың облыстық кезеңіне аудандық, қалалық байқаудың жеңімпаздары, арнайы алдын-ала турдың таңдауынан өткен, жалпы білім беру бағдарламасын іске асырушы облыстық мектеп мұғалімдері қатыса алады. Облыстық мектептер тікелей сұраныс беру арқылы қатысады. 3. Олимпиаданы өткізуді ұйымдастыру: Облыстық олимпиаданы өткізуге арналған облыстық ұйымдастыру комитеті мен әділ қазылар алқасы құрылады. Байқаудың келесі кезеңдері белгіленеді: І. Аудандық және қалалық (мамыр); ІІ. Облыстық (тамыз). 4. Олимпиаданың мазмұны Олимпиаданың барлық кезеңінде әділқазылар алқасы үміткерлерді мына көрсеткіштер бойынша бағаланады: • Кәсіптік құзыреттілік (ғылыми-теориялық психологиялық-педагогикалық және нормативтік дайындық); • Технологиялық және ұйымдастыру мәдениеті (АКТ меңгеруі, жоспарлау, жазбалар жүргізу мәдениеті; • Кәсіптік жағынан өзін-өзі дамыту қабілеті биресми көрсеткіштерінің болуы курсаралық және ресми (өз бетімен білім алуы) оқуы; • Педагогикалық қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігі. • Сабақта оқытудың амал-тәсілдерін қолдану, олардың әр түрлілігі және белгілі бір мақсатқа бағытталғандығы; • Сабақ түрлерінің ерекшелігі; • Ағылшын тілін білу сапасы. 5. Облыстық олимпиада 2 негізгі турды қарастырады: І тур. (сырттай өткізіледі): 1). «Қазіргі замаңғы ағылшын тілі сабақтары, АКТ-ны қолдану» (25 ұпайға дейін); 2). Сабақты әдістемелік тұрғыда өзіндік талдау. Жазбаша мазмұндама түрінде (20 ұпайға дейін). ІІ тур. (іштей өткізіледі) 1) Пән бойынша тестілеу (20 ұпайға дейін) 2) Педагогтар үшін шеберлік сыныбы (авторлық шағын семинарлар, тренинг, шағын оқыту дәрісі, әдістемелік панорама, әдістемелік кеңес беру, т.б.) (25 ұпайға дейін) 3) On-line режимінде «Қазіргі замаңғы ағылшын тілі сабақтары, АКТ-ны қолдану» сабағын қорғау (10 ұпайға дейін). 6.Байқау сынақтарын бағалау өлшемдері 1) Педагогтар үшін шеберлік сыныбы (авторлық шағын семинарлар, тренинг, шағын оқыту дәрісі, әдістемелік панорама, әдістемелік кеңес беру, т.б.): • Тақырыбының көкейтестілігі; • Мәселенің толыққанды ашылуы; • Концептуалдығы; • Әдістемелік негізделу деңгейі • Практикалық құндылығы, қисындылығы және мазмұндылығы 2) Сабақты бағалау өлшемдері: • Сабақ мақсаттарының анық кезеңдермен жүзеге асырылуы • Оқытушы таңдаған сабақ құрылымының мақсаттылығы • Сабақты талдағанда ғылыми-педагогикалық, әдістемелік талаптарға сүйену • Оқыдудың дидактикалық құралдарын, амал-тәсілдерін нәтижелі қолдану • Оқушы әрекеті нәтижелеріне нақты және тез педагогикалық баға беру • Сабақта пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру • Сөз сөйлеудің әртістілігі, ерекшелігі және жатықтығы. 4) Сабақтың өзіндік талдауын бағалау критерийлері: • Сабақтың мақсатын құрастыру және қарастырылған сабақ жоспарын анықтау; • Таңдап алынған сабақ құрылымының оқу материалы мазмұны мен жалпы сабақ мақсаттарына сәйкестілігін негіздей алуы: - Оқу материалын таңдап алудың дұрыстығы, оқу жаттығулары мен тапсырмаларына психологиялық және педагогикалық баға беру; - Әдістерді таңдап алуының себебін негіздей алуы, сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер мен оқушы әрекеттерінің нысанының сабақ мақсаттары мен мазмұнына сәйкестігі; - Таңдаудың дұрыстығын дәлелдей алуы және оқытудың техникалық құралдары мен көрнекілігін қолдану; - Білімді бақылаудың, оқушылардың білік дағдыларын анықтаудың негіздемесі; - Үй тапсырмасының көлемін, мазмұнын және дайындау бағытын негіздей алуы. 7.Ұйымдастыру комитеті: Байқаудың өткізу шараларына байланысты барлық мәселелерді шешіп, байқаудың бланктік құжаттарына сай, байқау талаптарын бағалаудың критерилерін жасақтау үшін, қазылар алқасының жұмысын ұйымдастыру, жеңімпаздарды марапаттауды, БАҚ жарияланымын, басқа да ұйымдастыру мәселелерін іске асыру үшін құрылады. Егер, байқау барысында дау-дамай туғызатындай жағдай бола қалса, ұйымдастыру алқасына сараптама комиссиясының қызметін атқаруға тура келеді. Ұйымдастыру комитетінің жеке құрамы ОББ бастығының бұйрығымен бекітіледі. Ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы оның құрамынан сайланады. 8.Байқаудағы әділ қазылар алқасы Қазылар құрамы білім беру, ғылыми, әдістемелік мекемелері мен білім беру басқармасы органдары, қауымдастық өкілдерінен құрылады; Әділ қазылар алқасы байқау кезеңдерін байқауды өткізу тәртібіндегі 6-ші параграфта белгіленгеніндей бағалайды. Әділ қазылар алқасының негізгі құрамына көмекші пәндік алқа енгізіледі. Олар І турдағы ашық сабақтарды бағалайды. Көмекші пәндік алқаға жоғары санатты пән мұғалімдері, әдіскерлер (үміткердің пәніне сай) енгізіледі. Негізгі қазылар алқасы ІІ турға қатысушыларды бағалайды. 9.Құжаттарды ұсыну тәртібі Әр қатысушы төмендегі құжаттарды ұсынуы керек: • Облыстық байқауға қатысатындығы туралы ұсыныс, қалалық немесе аудандық білім бөлімі басшысының қолы қойылған (2010 ж. 10 маусымына дейін) • Сырттай байқаудың материалдары (әдістемелік ұсынбалар мен сабақтың өзіндік талдауы) қағаз және әлектронды нұсқасы 2010 ж 15 маусымына дейін тапсырылады (П 6.2) • Ақпараттық анықтама: - Қатысушының аты-жөні; - Туылған мезгілі; - Мекен-жәйі; - Жұмыс орны, қызметі; - Мұғалімдік еңбек өтілі; - Білімі, бітірген оқу орны, жылы; - Диплом реттік саны; - Диплом бойынша мамандығы; - Санаты; - Марапаты (кәсіптік байқаулардағы жеңістері). - Білім беру басқармасы және оқу орны басшысының қолы қойылған қысқаша кәсіптік мінездеме; - Кәсіптік өсуі туралы әдістемелік даярлығы туралы мәліметтер, сондай-ақ жеке қызығушылығы мен үміткердің басқа да қырын көрсететін және оны шынайы бағалауға маңызы бар мәліметтері енгізілген түйіндеме; - Сабақ үлгісі (қағаз және электронды түрде)- дидактикалық талаптарға сай құрылуы керек, мақсаты, міндеттері, тақырыбы, нысаны, сабақтың күрделі жоспары, дидактикалық материалдар; - 4х6 өлшемді фотосуреті (2 дана, түрлі түсті); - Қосымша материалдар (байқауға қатысушының таңдауына қарай). 5. Байқау жүлдегерлерін марапаттау: Байқау сынығының нәтижесінде әділқазылар алқасы І, ІІ, ІІІ орынды, төмендегі номинациялар бойынша лауреаттарды тағайындайды: 1). «АКТ-ны қолданудағы шеберлік»; 2). «Педагог-зерттеуші»; 3). «Сабақтың озық сценариі үшін»; Облыстық олимпиада жеңімпаздары дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталады.
|