Главная » 2010»Январь»10 » Қазақстан 51-ші Халықаралық математикалық олимпиаданы
Қазақстан 51-ші Халықаралық математикалық олимпиаданы
13:29
«Қазақстан 51-ші Халықаралық математикалық олимпиаданы қарсы алуда» тақырыбында өткен онкүндік барысында ОПКБАжҚДИ өткізілген шаралар
1. 4-9 қаңтар аралығында I Президенттің физика-математика бағытындағы интеллектуалдық мектебінің оқытушысы, п.ғ.к. О. Ажғалиевтің «Математикалық есептерді шығарудың стандарт емес тәсілдері» тақырыбындағы авторлық курсы өткізілді, курсқа 40 математика пәні мұғалімдері қатысты. 2. 10-12 қаңтар аралығында I Президенттің физика-математика бағытындағы интеллектуалдық мектебінің оқытушысы, п.ғ.к. О. Ажғалиевтің «Математикалық есептерді шығарудың стандарт емес тәсілдері» тақырыбындағы авторлық семинары өткізілді, семинарға 25 математика пәні мұғалімдері қатысты. 3. 12 қаңтар күні «Қазақстан 51-ші Халықаралық математикалық олимпиаданы қарсы алуда» тақырыбында Облыстық қазақ драма театрында облыс әкімінің орынбасары С.Сүлейменнің қатысуымен онкүндіктің ашылу салтанаты оздырылды. 4. 13-14 қаңтар күні «Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру жолдары» тақырыбында облыстық панорамалық сабақтар фестивалі өткізілді . Фестивальға облыс мектептерінен 16 математика пәні мұғалімдері қатысып,іс-тәжиребелерімен бөлісті. 5. 15-16 қаңтар күні «Математика пәнін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану» тақырыбында облыстық педагогикалық шеберхана өткізілді. Педагогикалық шеберханада облыс мектептерінен 9 жоғары санатты шығармашылықпен жұмыс жасап жүрген математика пәні мұғалімдері шебер-кластар өткізді. 6. 17-18 қаңтар күні «Бағдаралды дайындық және бағдарлы оқытуға көшу» тақырыбында қолданбалы курс бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендердің облыстық презентациясы өткізілді. Презентацияға облыс мектептерінен 8 қолданбалы курс бағдарламалары көпшілік назары ұсынылды. 7. Президенттің физика-математика бағытындағы интеллектуалдық мектебінің оқытушысы, п.ғ.к. О. Ажғалиевтің авторлық курсының қорытындысы ретінде облыстық білім беру жүйесін ақпараттандыру орталығында «Математикалық есептерді шығарудың стандарт емес тәсілдері» тақырыбында электронды оқулық жасау жоспарлануда.