Вторник, 14.05.2024, 06:12

Приветствую Вас Гость
Меню сайта

Наш опрос
ЛУЧШИЙ РЕСУРСНО-ИНФОРМАЦИОННЫЙ ЦЕНТР ШКОЛЫ ПРИ КАБИНЕТЕ ИНФОРМАТИКИ (смотите на страницах Форума)
Всего ответов: 155

Полезные ссылки

Статистика

Ваши данные
Узнай свой IP адрес

Главная » 2009 » Декабрь » 23 » Ең үздік сандық білім беру ресурсы
Ең үздік сандық білім беру ресурсы
15:51
«Ең үздік сандық білім беру ресурсы»
атты облыстық қашықтықтан өткізілетін байқаудың
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер
Бұл ереже байқау – конкурстың міндеттері мен мақсатын, уақытын және тәртібін, байқауға қатысу жағдайын, қорытындысы мен марапатталуын белгілейді.

2. Байқауды ұйымдастырушылар
Байқауды ұйымдастырушылар Батыс Қазақстан облыстық білім беру басқармасы, Батыс Қазақстан облыстық педагог кадрлар біктілігін арттыру және қайта даярлау институты. Байқауға қатысушыларды марапаттау үшін демеушілер тартылуы мүмкін.

3. Байқаудың мақсаты
Конкурстың негізгі мақсаты ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу, әдістемелік шеберлік әлеуметтеік және педагог кадрлардың тәжірибе зерттеу жұмысындағы талаптарын айқындау, Қазақстандық білім беру порталын тиімді пайдалану жөніндегі оң тәжірибелерге өзекті сипат беру және оларды жинақтап тарату болып табылады.

4. Байқау міндеттері
• ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу бойынша ерекше идеялар мен педагогикалық жетістіктерді айқындау және тарату;
• сапалы білім беруді қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық-коммуникативтік технологияны тиімді пайдалану әдістерін анықтау;
• оқу үрдісіндегі сандық білім беру қорын жасақтаудағы педагогтардың кәсіптік құзіреттілігін жетілдіру;
• педагогтардың білім беру процесіне оқытудың интерактивті формалары мен әдістерін енгізуіне қозғау салу;
• Батыс Қазақстандық облыстық білім беру порталында АКТ-ны енгізу бойынша педагогикалық идеялардың деректер қорын құру.

5. Байқауды өткізудің уақыты
Байқау 2009 жылдың 20 желтоқсанынан 2010 жылдың 15 қаңтарына дейін сырттай үлгіде ОПКБА ж ҚДИ базасында өткізіледі.
6. Байқауға қатысу
Байқауға барлық педагогикалық қызметкерлер тәжірибесіне АКТ-ны белсенділігімен енгізген БҚО мектептері мен лицейлері, педагогикалық ұжымдары қатынаса алады.

7. Байқаудың мазмұны
Байқау қашықтан, (сырттай) өткізіледі. Байқауда қатынасу үшін көрсетілген мерзімге, төменде аталған авторлық сандық білім беру қорын электрондық нұсқада ұйымдастыру алқасына жіберулері қажет:
• электрондық жобалар, құралдар (соның ішінде технология бойынша МООDLE (1 нұсқа)
• интерактивтік сабақтардың әзірлемелері,
• дидактикалық тапсырмалар қоры,
• жұмыстар жүйесінің сипаттамасы, АКТ құралдарын оқу-тәрбие үрдісіне енгізу моделі.
Конкурсқа ұсынылған материалдар ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті қалыптастыру және АКТ құралдарын білім беру ұйымдарының білім беру процесіне енгізу, Батыс Қазақстандық білім беру порталын тиімді пайдалану бойынша жаңа идеяларды қамтуы тиіс..
Конкурстық материалдарға қойылатын талаптар
Байқауға қатысушылар төмендегі материалдарды жіберуі тиіс:
• байқауға қатысу үшін тапсырыс.
• авторлық сандық білім беру қоры.
Қонкурстық жұмыста келесі деректер (электрондық нұсқада) көрсетілуі керек:
- автор (авторлық ұжым) жайындағы титул бетінен: тегі, аты-жөні, мектеп, қала (ауыл, аудан), байланыс телефоны (кодымен бірге);
- жұмыс (*.doc байланыса) төмендегі мазмұндағы сипаттамамен қамтамасыз етілуі қажет:
- пән саласы (пән, сынып, тақырып) материалдарды пайдалану және вариативтік нұсқадағы авторлық ұсыныстар;
• жұмыстың негізгі мақсаты;
• күтілетін нәтиже;
• ғылыми дәлелденгендігі мен өзектілігі.
Қажеттілігіне қарай қонкурстық жұмысқа қосымша материалдар мен файлдар, суреттер, пайдаланылған материалдар тізімін ұсынуға болады.
Жіберілген жұмыстың шартты қалпы (форма) сақталмаса қонкурстан шеттетіледі.
Байқауға келіп түскен материалдар ОПКБАИ сайтында 2010 жылдың 4-9 қаңтары аралығында орналастырылады.
Конкурсанттардың рейтингі материалдарға дауыс беру арқылы анықталады. Рейтинг деректері және сапа бағасы конкурсты қорытындылау кезінде ескерілетін болады.

8. Бағалау критерилері
Байқауға жіберілген авторлық сандық білім беру қорлары төмендегідей белгіленген критерилер бойынша бағаланады
1) конкурстың мақсаты мен міндеттеріне сәйкестілігі - 15 балл;
2) идеялардың ерекшелігі, авторлық бағытта болуы - 10 балл;
3)оқу мақсатын іске асыру тұтастығы-15 балл;
4) оқытудың интерактивтілігі (ақпаратқа қолжетілімділіктің артуы, өзін өзі бақылау мүмкінділігі, дамыта оқыту ұстанымына сәйкестігі) - 20 балл;
5) тәжірибелік маңызы - 15 баллов;
6) технологиялық мүмкіндіктері - 10 баллов;
7) ұсынылған материалдардың эстетикалық талғамға сай келуі - 15 балл.

9. Жұмыстрды байқау конкурсқа ұсыну тәртібі
Облыстық байқауға жұмыстар электрондық нұсқада мына мекенжайға жіберіледі.
БҚОПКБА жәнеҚДИ 090002 Орал қаласы, Евразия даңғылы 238 үй, тел: 8(7112)54-38-37 (2009 жылдың 20 желтоқсанына дейін) Светлана Валериевна Коровина 54-37-01. Е-mail: zkoipk@mail.ru
Жұмыс 15 қантор кейін қабылданбайды. Өз жұмыстарын байқауға жолдаған үміткерлер байқауды ұйымдастырушылардың ол жұмыстарды интернетте немесе баспа беттерінде орналастыруына автоматты түрде құқық береді. Материалды орыс, қазақ тілдерінде жіберулеріне болады. Байқауға келіп түскен жұмыстар қайтарылмайды.

10. Қазылар алқасы және байқауды ұйымдастыру комитеті
Ұйымдастыру комитеті байқаудың тұжырымдамасын айқындайды, оның өтілу тәртібін, ережесін жасайды. Қазылар алқасын құрады, бағалау критерилерін, байқау кезеңдерін белгілейді.
Қазылар алқасы сараптама жасайды, бағалайды, өз шешімін құжат ретінде рәсімдейді, қазылар алқасының мәжіліс хаты негізнде бұйрық түзіледі.

11. Жеңімпаздарды марапаттау тәртібі.
1. Байқау жеңімпаздары Ережеде көрсетілген талаптар мен критерилерге сай анықталады. Байқау лауреаттары дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады.
2. Байқауға қатысушылардың бәрі сертификатқа ие болады.
3. Байқауды қорытындылау, марапаттау рәсімі салтанатты жағдайда өтеді.- І, ІІ, ІІІ жүлделі орындар белгіленеді.
4. Ерекше көрінген жұмыстар,оқу- тәрбие үрдісіндегі
«АКТИ тиімді пайдалана білгені үшін»,
«Интернет дауыс беру арқылы» атаулы сыйлықтармен марапатталады.
Үйлестірушілердің байланыс бағыттары:
Обыденкина Лариса Валентиновна тел:8(7112)27-75-26
факс: 8(7112)54-38-37;
Е-mail: risa-8@ mail.ru;
Коровина Светлана Валериевна тел: 8(7112)54-37-01; 8
сот тел: 7772480910,
Е-mail zkoipk@mail.ru

Просмотров: 1667 | Добавил: Svetlana | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа

Календарь новостей
«  Декабрь 2009  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Поиск по новостям

Информеры



Праздники Казахстана

Погода

GISMETEO: Погода по г. Уральск


Доски объявлений

Мультимедийный   кабинет - MERiTS Доски объявлений, объявления на 495RU.ru


Copyright ZKOIPK © 2007-2024 Сайт управляется системой uCoz