Воскресенье, 19.05.2024, 04:46

Приветствую Вас Гость
Меню сайта

Наш опрос
Какие формы профессионального обучения наиболее эффективны:
Всего ответов: 171

Полезные ссылки

Статистика

Ваши данные
Узнай свой IP адрес

Главная » 2009 » Сентябрь » 29 » Информатика кабинетіндегі мектептің үздік қорлы-ақпарат орталығы
Информатика кабинетіндегі мектептің үздік қорлы-ақпарат орталығы
12:49
«Информатика кабинетіндегі мектептің үздік қорлы-ақпарат орталығы» облыстық байқауының
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер
Бұл ереже байқау – конкурстың міндеттері мен мақсатын, уақытын және тәртібін, байқауға қатысу жағдайын, қорытындысы мен марапатталуын белгілейді.

2. Байқауды ұйымдастырушылар
Байқауды ұйымдастырушылар Батыс Қазақстан облыстық білім беру басқармасы, Батыс Қазақстан облыстық педагог кадрлар біктілігін арттыру және қайта даярлау институты. Байқауға қатысушыларды марапаттау үшін демеушілер тартылуы мүмкін.

3. Байқаудың мақсаты
Мектептің ақпараттық білім беру кеңістігін құрудың тиімді шешімдерін іздеу, оқу-тәрбие үрдісіндегі АКТ пайдалану тәжірибесін жинақтау және тарату, басқару үрдісін, жоспарлауды, бақылау мен талдауды жаңарту, әдістемелік шеберлік әлеуметтеік және педагог кадрлардың тәжірибе зерттеу жұмысындағы талаптарын айқындау.

4. Байқау міндеттері
- білім беру үрдісі мен мекемені әкімшілік басқару ісінде ақпараттық – коммуникативтік технологияны неғұрлым тиімді енгізген облыс мектептерін анықтау олардың іс-тәжірибесін тарату;
- сапалы білім беруді қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық-коммуникативтік технологияны тиімді пайдалану әдістерін анықтау;
- білім беруді ақпараттандыру саласындағы инновацияны анықтап тарату;
- оқу үрдісіндегі сандық білім беру қорын жасақтаудағы педагогтардың кәсіптік құзіреттілігін жетілдіру;
- жаңалықтардың мәліметтер банкісін толықтыру;
- қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды оқу үрдісіне жаппай енгізу жағдайында жұмыс жасайтын тұтас мектеп ұжымдарын марапаттау;

5. Байқауды өткізудің уақыты
Байқау 2009 жылдың қыркүйегі-қарашасы аралығында 2 кезеңмен өткізіледі.
І кезең- таңдау 2009 жылдың 30 қазаны күні (сырттай)
ІІ кезең – финалдық. 2009 жылдың 17 қарашасы күні. Ол үш турдан тұрады (бетпе-бет өткізіледі)

6. Байқауға қатысу
Таңдау кезеңіне, қызметтеріне АКТ-ны белсенділігімен енгізген БҚО мектептері мен лицейлері, педагогикалық ұжымдары қатынаса алады.
Ал, байқаудың күндізгі ІІ кезеңіне 7 үздік педагогикалық ұжым (неғұрлым көп балл жинаған) қатынасуға мүмкіндік алады.

7. Байқаудың мазмұны
І кезең «Білім беру ұйымдарын ақпараттандырудың озық бағдарламасы» жобалар байқауы (сырттай тур.) Бірінші турға қатынасу үшін ақпараттандыру бағдарламасы жасақалып іске асыру жүргізілген мекеме басшысының байқауға қатынасу туралы сұранысы ұсынылады. Сұранысқа мектепті ақпараттандыру бағдарламасы және қол жеткен нәтижелер туралы мәлімет қоса тапсырылады.
2009 жылдың 30 қазанында қазылыр алқасы сараптама жасап байқауға ұсынылған жұмыстарды бағалайды. 3 қараша күні ОПКБА және ҚДИ (www.zkoipk.ucoz.ru) ұйымдастыру комитеті финалдық кезеңге қатынасушыларды хабарлайды және қазылар алқасы жұмысының нәтижесі, конкурсқа жіберілген барлық материалдарды ашық интернетте талдауға ұсынады.
ІІ кезең 2009 жылыдң 9-17 қарашасы аралығында тікелей өткізіледі.
Таңдау кезеңінен өткендерге екінші кезеңде 3 тур енгзілді.
1 тур. «Білім беру ұйымдарын ақпараттандырудың үздік бағдарламасы» байқау жобасын қорғау.
2 тур. Пән мұғалімдерінің АКТ пайдаланған ашық сабақтары «Мұғалім шығарманылығындағы АКТ»
3 тур. «Болашақтың мектебі» деген тақырыпта халықаралық стандартқа сай білім беру тәжірибесін сипаттайтын VCT- жобаны қорғау.
Жоба жұмыс барысында АКТ пайдалануда оқушылардың жобаны орындаудағы мысалдарын қарастырады.

8. Бағалау критерилері
1. І (таңдау) турында жұмыстар төмендегі белгілеріне қарай бағаланады:
Ақпараттандыру бағдарламасында міндетті түрде көсетілуге тиіс:
1. Мақсаттары мен міндеттері;
2. Бағыты мен мазмұны
3. Ақпаратттандыру бағдарламасын іске асыру командасының жұмысы
4. Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің АКТ құзіреттілігін арттыруды ұйымдастыруы
5. Педагогикалық қызметте сандық білім беру қорын пайдалануды ұйымдастыру.
6. Білім беру ұйымдарын басқарудағы АКТ қорын пайдалану.
7. Білім беру ұйымдары сайтын жасақтау бойынша жұмысты ұйымдастырып, онда ақпараттандыру бағдарламасын іске асырудың нәтижелерін хабарлау.
8. Күтілетін және алынған нәтижелердің талдауы.
9. Білім беру үрдісін ақпараттандыру бойынша жұмысты дамыту перспитивалары.
ІІ кезеңде жұмыстар төмендегі критерилар бойынша бағаланады:
1 тур «Білім беру ұйымдарын ақпараттандырудың үздік бағдарламасы» (қазылар жергілікті жерлерге барып бағалау)
- құзіреттіліктің тұсаукесері, шешендік өнер (сенімділік, дәлелділік, сауаттылық) 20 балл
- жоба мазмұнын ұсынудың негізділігі 20 балл
- сөйлеудің ұйымдастырылуы (техникалық, ұйымдастыру дамыту)20 балл
жобада ұсынылған бағдарламаны іске асыру нәтижесі туралы дәлелді ақпарат 40 балл
2-тур «Мұғалім шығармашылығындағы АКТ» Сабақтар төмендегі критерилерге қарап бағаланады (2 сабақтан кем емес)
1. Сабақта АКТ жалпы дидактикалық мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі (20 балл)
2. АКТ ресурстарын пайдалану тиімділігі:
• оқыту үрдісінің даралану, саралануы;
• оқушы білімін бақылау;
• материалды игеру үстіндегі оқушылардың жаттығулары мен мен өзін-өзі дайындауы
• Оқу материалын игерту сапасын арттыру
• ойлау қабілетінің дамуы
3. Сабақта сандық білім ресурстарпын пайдаланудағы авторлық құрамдас бөлік. Оның орындалуы кескінделуі. 25 балл.
4. Ұсынылған материалдың жаңалықтың түпнұсқалылығы. 10 балл.
5. Білім беру үрдісінде АКТ пайдаланудың жүйелелігі. 10 балл.
6. САНПИН нормаларының сақалуы. 5 балл.
3 тур. VCT - жобасын бағалау критерилері.
1. Жобаның жарияланған «Болашақ мектеп» тақырыбына сәйкестігі.10 балл.
2. VCT жоба талабына сай рәсімделуін жалпы сәйкестігі.10 балл.
3. Жоба идеясының негізділіг. 30 балл.
4. Жоба бойынша қызметтің жүйелілігі, жинақтылығы (10 балл)
5. Жобаны құрастырушы АКТ сапасы оған пайдаланылған бағдарламалық өнім мен оқушылар жұмысының негізділігі және әртүрлілігі. (макеттер, буклеттер, бейне есептер, акциялар, күнделіктер, ұсынбалар, шеберлік кластары, АКТ арқылы жасалған материалдар, т.б.) 40 балл.
Үш тур аяқталған соң байқауға әзірленген барлық материалдардың электрондық нұсқалары қазылар алқасына тапсырылады.

9. Жұмыстрды байқау конкурсқа ұсыну тәртібі
Облыстық байқауға жұмыстар электрондық нұсқада мына мекенжайға жіберіледі.
БҚОПКБА жәнеҚДИ 090002 Орал қаласы, Евразия даңғылы 238 үй, тел: 8(7112)54-38-37 (2009 жылдың 10 қазанына дейін) Светлана Валериевна Коровина 54-37-01. Е-mail: zkoipk@mail.ru
Жұмыс 27 қазаннан кейін қабылданбайды. Өз жұмыстарын байқауға жолдаған үміткерлер байқауды ұйымдастырушылардың ол жұмыстарды интернетте немесе баспа беттерінде орналастыруына автоматты түрде құқық береді. Материалды орыс, қазақ тілдерінде жіберулеріне болады. Байқауға келіп түскен жұмыстар қайтарылмайды.

10. Қазылар алқасы және байқауды ұйымдастыру комитеті
Ұйымдастыру комитеті байқаудың тұжырымдамасын айқындайды, оның өтілу тәртібін, ережесін жасайды. Қазылар алқасын құрады, бағалау критерилерін, байқау кезеңдерін белгілейді.
Қазылар алқасы сараптама жасайды, бағалайды, өз шешімін құжат ретінде рәсімдейді, қазылар алқасының мәжіліс хаты негізнде бұйрық түзіледі.

11. Жеңімпаздарды марапаттау тәртібі.
1. Байқау жеңімпаздары Ережеде көрсетілген талаптар мен критерилерге сай анықталады. Байқау лауреаттары дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады.
2. Байқауға қатысушылардың бәрі сертификатқа ие болады.
3. Байқауды қорытындылау, марапаттау рәсімі салтанатты жағдайда өтеді.- І,ІІ,ІІІ жүлделі орындар белгіленеді.
4. Ерекше көрінген жұмыстар «Интернет дауыс беру арқылы» атаулы сыйлықтармен марапатталады. (БҚОПКБА жәнеҚДИ zkoipk.ucoz.ru сайты беттерінде интернет –дауыс беру)

Үйлестірушілердің байланыс бағыттары:
Обыденкина Лариса Валентиновна тел:8(7112)27-75-26
факс: 8(7112)54-38-37;
Е-mail: risa-8@ mail.ru;
Коровина Светлана Валериевна тел: 8(7112)54-37-01; 8
сот тел: 7772480910,
Е-mail zkoipk@mail.ru

Просмотров: 2018 | Добавил: Svetlana | Рейтинг: 4.5/2 |
Форма входа

Календарь новостей
«  Сентябрь 2009  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930

Поиск по новостям

Информеры



Праздники Казахстана

Погода

GISMETEO: Погода по г. Уральск


Доски объявлений

Мультимедийный   кабинет - MERiTS Доски объявлений, объявления на 495RU.ru


Copyright ZKOIPK © 2007-2024 Сайт управляется системой uCoz