Вторник, 14.05.2024, 02:41

Приветствую Вас Гость
Меню сайта

Наш опрос
Оцените наш сайт
Всего ответов: 203

Полезные ссылки

Статистика

Ваши данные
Узнай свой IP адрес

Главная » 2009 » Декабрь » 8 » Информатика пәні мұғалімдері арасында бағдарламалау бойынша І чемпионат
Информатика пәні мұғалімдері арасында бағдарламалау бойынша І чемпионат
15:06
ОПКБА және ҚДИ-ның 2009 жылғы жұмыс жоспарына сай «Педагогтардың ақпараттық мәдениетін және құзіреттілігін біліктілік арттыру институтының мүмкіндіктері арқылы жетілдіру» жобасы шеңберінде 2009 жылдың 22 желтоқсан аралығында пән мұғалімдері үшін «Батыс Қазақстан облысындағы информатика пәні мұғалімдері арасында бағдарламалау бойынша І-ші чемпионат» атты облыстық байқауы өткізіледі.
Әрбір аудан (Орал қаласы, облыстық мектептер) чемпионатқа үш информатика пәні мұғалімінен тұратын 1 команда қатыстыра алады

Батыс Қазақстан облысындағы информатика пәні мұғалімдері
арасында бағдарламалау бойынша І-ші чемпионат
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер
Бұл ереже байқау – конкурстың міндеттері мен мақсатын, уақытын және тәртібін, байқауға қатысу жағдайын, қорытындысы мен марапатталуын белгілейді.

2. Байқауды ұйымдастырушылар
Байқауды ұйымдастырушылар Батыс Қазақстан облыстық білім беру басқармасы, Батыс Қазақстан облыстық педагог кадрлар біктілігін арттыру және қайта даярлау институты. Байқауға қатысушыларды марапаттау үшін демеушілер тартылуы мүмкін.

3. Байқау мақсаты
Чемпионат мақсаты бағдарлау және ақпараттық технология саласындағы информатика пәні мұғалімдерінің дайындық деңгейін, жаңа бағдарламалық жасақтамаларды және есептеуіш техникамен меңгеру деңгейін, олардың интеллектуалды дамытушылығын қалыптастыру мақсатында дарынды және талантты мұғалімдерді анықтау болып табылады.

4. Чемпионат міндеттері
• Жаңа идеяларды іздеу, Turbo Pascal бағдарламалау тілін қолданып сабақ беруде ерекше әдіс тәсілдерді пайдаланатын, тәжірибелі информатика пәні мұғалімін анықтау,
• Педагог кадрларға мектепішіліктен бастап республикалық деңгейде олимпиадаға дайындалуға көмек көрсету, аталған бағыттағы информатика пәні мұғалімдерін іс-тәжірибе алмасу арқылы ынталандыру
• информатика пәні мұғалімдерін дидактикалық материалдармен және бағдарламалау бойынша олимпиада өткізуге арналған әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету.
• Орта мектепте бағдарламалау негіздерін беруде жаңашыл тәжірибелерді жинақтау.
• Шығармашылықпен жұмыстанатын, өз білімін көтеру және ғылыми бағытта жұмыстанатын информатика пәні мұғалімдерін мадақтау.
• информатика пәні мұғалімдерінің шеберліктерін арттыруға ықпал жасау.

5. Чемпионат өткізу мерзімі
Чемпионат 2009 жылдың 22 желтоқсан күні өткізіледі.

6. Чемпионатқа қатысушылар
Әрбір аудан (Орал қаласы, облыстық мектептер) чемпионатқа үш информатика пәні мұғалімінен тұратын 1 команда қатыстыра алады.

7. Чемпионат мазмұны
Байқауды өткізу әдісі
Байқау уақыты 3 сағат. Қазылар алқасы байқау уақытын көбейтуге құқылы (техникалық жағынан ақау пайда болған жағдайда).
Шешімін табу үшін алты есеп беріледі. Шешімі Turbo Pascal бағдарламасында жазылған бағдарлама болып табылады.
Қазылар алқасы оны тексеріп жіне тестілейді. Қатысушылар барлық қажетті компиляция дерективаларын ішкі мәтінге кірістіру қажет.
Тестілеу автоматты түрде жүргізіледі, сондықтан бағдарламалар төмендегі шарттарды қатаң түрде сақтау керек:
• Кіріс мәндері есептің берілгенінде көрсетілген файлдан енгізілуі тиіс.
• Егер есептің берілуінен басқаша көрсетілмесе, барлық кіріс берілгендері нақты және қанағаттанарлық шектеу деп есептеледі.
• Бағдарлама көрсетілген атау бойынша шығыс файлын құрастырады.
• Барлық кіріс және шығыс файлдары ағымдағы DOS каталогына орналастырылады. Бағдарламалар экранға басқа мәлімет шығармауы керек (Мыс. қатесін көрсету туралы).
Бағдарлама есепте берілген кіріс және шығыс форматтарын қатаң сақтауы керек.
Есеп шығару кезінде қолдануға болмайтын құралдар:
• Жеке дискеталарды, калькуляторды, электронды жазба кітапшаларды, пейджер, мобильді телефонды, сонымен қатар чемпионат басталғанға дейінгі оқу әдебиеттерін және жеке жазбаларды қолдану.
• Есепте көрсетілгеннен басқа файлдармен жұмыс жасау.
• Ішкі каталогтармен жұмыс.
• Желімен жұмыс.
• Сайыстың өтуіне және автоматты тестілеуіне кедергі келтіретін тағы да басқа кез келген құрылғылармен.
Аталған ережелердің орындалуын әртүрлі әдістерді қолдану арқылы арнайы жүйе тексереді. Ережені бұзған командалар дереу түрде сайыстан шығарылады.
Сайыс барысында қатысушылар тек өз командаларының мүшелерімен, қазылар алқасымен және ұйымдастыру комитетімен ғана сөйлесе алады. Қазылар алқасы аталған ережелерді бұзғаны үшін команданы сайыстан шығара алады.
Сайыс барысында қатысушылар есептің берілуіне байланысты сұрақтар қоя алады. Сұрақ «иә» немесе «жоқ» деп жауап алатындай болып қойылуы керек. Егер сұрақ нақты болмаса, қазылар алқасы «нұсқау берілмейді» деген жауап қайтарады. Егер есептің берілуінде қате бар екенін анықтаса, барлық командаға түсініктеме беріледі. Қазылар алқасы қатысушыларға есептің берілуінде көрсетілген кіріс және шығыс мәндерін қолдануды ұсынады.
Тестілеуді өткізу әдісі
Есептің шешуін тексеру чемпионат аяқталғаннан кейін және қатысушылардың қатысуымен өткізіледі. Тестілеу қорытындысы бойынша әр тест бойынша тексеру парақтары шығарылады. Барлық тестілеуде бағдарлама бірдей нәтиже көрсету керек. Егер қатысушы тексеріс қорытындысымен келіспесе, ол өзінің ескертпелерін тексеру парағына енгізеді.
Есептің шешілуі тесттер жинағында тексеріледі, жалпы барлық қатысушылар үшін және оларға белгісіз болады. Егер бағдарлама барлық тестілеуден дұрыс жауап берсе (1тест - 20%), есеп шешілген болып есептеледі (100%), Тестілеу белгіленген ретте орындалады, қарапайымнан бастап күрделіге дейін. Егер бағдарлама есепте берілген лимит уақытқа сыймайтын болса, есеп шешілді деп есептелмейді. Егер есеп шешілді деп есептелмесе, онда катенің түрі және тест нөмірі көрсетіледі. (Тест нөмірі – өтпеген бірінші тест).
Чемпионат интерактивті тәртіпте өткізіледі. Информатика пәнінің барлық мұғалімдері чемпионатының негізгі кезеңдерінің өтуін on-line тәртібімен бақылап отыра (сайт www.sabak1.kz БҚО бөлімі) чемпионат аясында «Орта мектепке информатикадан сабақ беру әдіснамасы» шебер – класы өтілетін болады.

8. Чемпионатқа қатысу сұраныстарын беру тәртібі
Сұраныс чемпионат ұйымдастырушыларының атына беріледі және оның құрамында мынадай құжаттар болу керек:
• АБББ (ОБББ, ҚБББ) бастығының жолдауы, сайысқа команданы қатыстыру туралы;
• Қатысушы команданың тізімі (ФАТ, жұмыс орны, қызметі, еңбек өтілі, санаты).
Чемпионатқа тапсырыс 2009 ж 7-20 желтоқсанына дейін берілуі тиіс.
Мекен – жайы: ОПКБА ж ҚДИ, Ұйымдастыру комитеті
по адресу Оргкомитета: ИПК и ППК ЗКО
090002, г. Уральск, пр.Евразии, 238 тел.: 8(7112)54-38-37
e-mail: zkoipk@mail.ru Орал қаласы Евразия даңғылы 238. бойынша телефоны: 8(7112)54-38-37

9. Қазылар алқасы және байқауды ұйымдастыру комитеті
Ұйымдастыру комитеті байқаудың тұжырымдамасын айқындайды, оның өтілу тәртібін, ережесін жасайды. Қазылар алқасын құрады, бағалау критерилерін, байқау кезеңдерін белгілейді.
Қазылар алқасы сараптама жасайды, бағалайды, өз шешімін құжат ретінде рәсімдейді, қазылар алқасының мәжіліс хаты негізнде бұйрық түзіледі.

10. Жеңімпаздарды марапаттау тәртібі.
1. Байқау жеңімпаздары Ережеде көрсетілген талаптар мен критерилерге сай анықталады. Байқау лауреаттары дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады.
2. Байқауға қатысушылардың бәрі сертификатқа ие болады.
3. Байқауды қорытындылау, марапаттау рәсімі салтанатты жағдайда өтеді.- І, ІІ, ІІІ жүлделі орындар белгіленеді.
Ерекше көзге түскен командалар номинация бойынша грамоталармен марапатталады.
- шешімнің түпнұсқалық ерекшелігі
- бағдарламалау негізін білу тереңдігі ұшін
- командада жұмыс жасау біліктілігі үшін

Үйлестірушілердің байланыс бағыттары:
Коровина Светлана Валериевна,
тел.: 8 (3112) 54-37-01, 87772480910, e-mail: sv-url@rambler.ru
Обыденкина Лариса Валентиновна,
тел.: 8 (3112) 23-75-26, факс. 8(3112) 54-38-37, e-mail: risa-8@mail.ru

Просмотров: 2557 | Добавил: Svetlana | Рейтинг: 5.0/1 |
Форма входа

Календарь новостей
«  Декабрь 2009  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Поиск по новостям

Информеры



Праздники Казахстана

Погода

GISMETEO: Погода по г. Уральск


Доски объявлений

Мультимедийный   кабинет - MERiTS Доски объявлений, объявления на 495RU.ru


Copyright ZKOIPK © 2007-2024 Сайт управляется системой uCoz