Среда, 15.05.2024, 01:46

Приветствую Вас Гость
Меню сайта

Наш опрос
Оцените наш сайт
Всего ответов: 203

Полезные ссылки

Статистика

Ваши данные
Узнай свой IP адрес

Главная » 2009 » Октябрь » 6 » Облыстық "Жыл мұғалімі-2009" конкурсының корытындысы
Облыстық "Жыл мұғалімі-2009" конкурсының корытындысы
17:43
30 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Облыстық білім беру басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес облыс көлемінде Облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының ұйымдастырушылық қолдау көрсетуімен облыстық «Жыл мұғалімі - 2009» байқауы өтті.
Байқауға қатысқан 13 мұғалімнің барлығы да аудандық, қалалық байқаулардың жүлдегерлері. Олардың арасында математика, биология, химия, информатика, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, тарих, физика пәндерінің мамандары бар.
Байқау кезеңдеріне нормативтік-заңнамалық база деңгейін тексеру бойынша тест, философиялық эссе жазу, шебер-кластарды қорғау,өзінің педагогикалық тәжірибесінің тұсаукесері және кредосы, сонымен бірге ашық сабақтар енгізілді. Сабақты тек сауатты өткізіп қоймай, оны өз оқушыларының есінде қаларлықтай оқиға өткізу нағыз шебердің ғана қолынан келеді. Міне сондықтан, байқаудың бүгінгі күні - ең жауапты қарбаластарға толы күн.
Байқаудың қазылар алқасы құрамында облысымыздың үздік ғалымдары, білім беру саласының тәжірибелі мамандары мен әдістемелік қызметкерлері. Олардың ішінде – Н.М.Сабыров – Облыстық білім беру басқармасының бастығының орынбасары, Ш.Х.Құрманалина – Ж.Досмұхамедов ат.педагогикалық колледждің директоры, педагогика ғылымдарының докторы, Ж.М.Қарағойшин – М.Өтемісов атындағы БҚМУ жаратылыстану-математика факультетінің деканы, доцент, Ө.Қ.Құспанов – ОПКБАИ ректоры, доцент, А.С.Қыдыршаев – Жәңгірхан ат. БҚАТУ кәсіптік білім беру кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы және басқалары бар.
2009 жыл байқауының ерекшелігі сол – ақпараттық-коммуникативтік құралдар мен технологияларды кеңінен талғап, пайдалану.Байқаудың барлық қатысушылары интерактивтік тақтаны меңгеру мүмкіндігінің жоғары деңгейін көрсете білді, кейбіреуі әртүрлі компьютерлік бағдарламалар арқылы өз пәндерінің оқу қорларын жасақтауда біліктіліктерін көрсетті.
Байқауға тәжірибелі мұғалімдермен қатар жас педагогтар да қатынасты.
Байқаудың басты міндеті – мұғалім мамандығының мәртебесін нығайту, бұл қазіргі біздің қоғам үшін, әрбір адам үшін маңызды.
Байқау қорытындысы мұғалімдер күнін атап өтумен тұспа-тұс келді.
1. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне облыстық білім басқармасының дипломдары және бағалы сыйлықтары табыс етілді.
Гран при дипломымен және бағалы сыйлықпен (Египет еліне туристтік жолдама және ноутбук) Орал қаласы №36 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тәжіғалиева Зәмзәгүл Тілепбергенқызы;
I дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықпен (Египет еліне туристтік жолдама және бейнекамера) Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы №4 ЖОББМ физика пәні мұғалімі Қайдарова Гүлнара Мұханбетқазықызы;
II дәрежелі дипломымен және бағалы сыйлықпен (Египет еліне туристтік жолдама және сандық фотоаппарат) Казталов ауданы, Қараөзен мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі Бекмулдин Ерболат Мұратқалиұлы;
III дәрежелі дипломымен және бағалы сыйлықпен (Египет еліне туристтік жолдама ) Зеленов ауданы, Дарьян ЖОББМ физика пәнінің мұғалімі Кучма Татьяна Владимировна марапатталды.
2. Басқарманың дипломдары және көтерме сыйлықтарымен марапатталғандар:
- «Педагогикалық даналық» номинациясы бойынша Теректі ауданы, Ақсуат ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рамазанова Гүлден Самат қызы;
- «Сабақтың озық сценарийі» номинациясы бойынша Сырым ауданы, Бұлдырты ЖОББМ химия пәнінің мұғалімі Бегайдарова Гүлжихан Болатқызы;
- «Үздік авторлық шешім» номинациясы бойынша Бөкейорда ауданы, Ш.Жексенбаев атындағы ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сейтқазиева Гүлзада Қайдарғалиқызы;
- «АКТ пайдаланудағы шеберлігі» номинациясы бойынша Жәнібек ауданы, №1 ЖОББМ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Артықова Анаргүл Ғилмашқызы;
- «Үздік эссе» номинациясы бойынша Тасқала ауданы, «Сәулет» гимназиясының химия пәнінің мұғалімі Гумарова Жеміс Мұратқызы.

3. Басқарманың «Байқауға қатысушы» сертификаттары төменде аталғандарға берілді:
- Жекенова Гаухар Мұратқызы;
- Кулушева Нұрғайша Жәдігерқызы;
- Оразалина Жария Ыбрайқызы;
- Өтекова Нағима Серікқалиқызы.
Байқауға қатысушыларды марапаттау А.Островский атындағы орыс драма театрында адамзаттың үлкен махаббатына бөленген ұстаз қауымы мейрамын атап өту салтанаты үстінде болды.

Просмотров: 2101 | Добавил: Svetlana | Рейтинг: 3.3/3 |
Форма входа

Календарь новостей
«  Октябрь 2009  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Поиск по новостям

Информеры



Праздники Казахстана

Погода

GISMETEO: Погода по г. Уральск


Доски объявлений

Мультимедийный   кабинет - MERiTS Доски объявлений, объявления на 495RU.ru


Copyright ZKOIPK © 2007-2024 Сайт управляется системой uCoz