Воскресенье, 19.05.2024, 06:31

Приветствую Вас Гость
Меню сайта

Наш опрос
ЛУЧШИЙ РЕСУРСНО-ИНФОРМАЦИОННЫЙ ЦЕНТР ШКОЛЫ ПРИ КАБИНЕТЕ ИНФОРМАТИКИ (смотите на страницах Форума)
Всего ответов: 155

Полезные ссылки

Статистика

Ваши данные
Узнай свой IP адрес

Главная » 2009 » Сентябрь » 10 » Облыстық «Жыл мұғалімі» байқауын өткізудің тәртібі
Облыстық «Жыл мұғалімі» байқауын өткізудің тәртібі
18:25
1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
• Талантты, шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтарды тауып, оларды қолдау мен марапаттау;
• Педагогтардың 12 жылдық орта білімге көшуге дайындығы аясындағы кәсіптік құзыреттіліктікті одан әрі дамытуға ықпал ету;
• Мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру, мұғалімнің қоғамдық негізгі бейнесін қалыптастыру;
• Озық педагогикалық тәжірибені жинақтау, тарату және насихаттау;
• Оқыту мен тәрбие әдісі және авторлық педагогикалық технологияны жүйелендіруге ықпал ету.

2. Байқаудың қатынасушылары:
Байқауға орта білім беру мекемелерінің пән мұғалімдерінің қатысуға құқығы бар. Олардың педагогикалық еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.
Байқаудың облыстық кезеңіне аудандық, қалалық байқаудың жеңімпаздары, арнайы алдын-ала турдың таңдауынан өткен, жалпы білім беру бағдарламасын іске асырушы облыстық мектеп мұғалімдері.

3. Байқауды өткізуді ұйымдастыру:
«Жыл мұғалімі» облыстық байқауын өткізуге арналған облыстық ұйымдастыру комитеті мен әділ қазылар алқасы құрылады.

Байқаудың келесі кезеңдері белгіленеді:
І. Мектепішілік (сәуір);
ІІ. Аудандық және қалалық (мамыр);
ІІІ. Облыстық (қыркүйек).

4. Байқаудың мазмұны
Әділ қазылар алқасы байқаудың барлық кезеңдерінде үміткердің қызметін төмендегі негізгі көрсеткіштері бойынша бағаланады:
• Кәсіптік құзыреттілік (ғылыми-теориялық психологиялық-педагогикалық және нормативтік дайындық);
• Шеберлік (ОТҮ-гі оқытудың тиімді әдістерін таңдай білу және сауатты жүйелеу);
• Технологиялық және ұйымдастыру мәдениеті (АКТ меңгеруі, жоспарлау, жазбалар жүргізу мәдениеті;
• Педагогтардың жеке сапасы (сезімталдық, шығармашылық пен кездейсоқ шешім қабылдауға қабілеттілік, суырып салма, ұйымдастыру және тіл табысу сапасы, ізгіліктілігі, төзімділігі, (толеранттылық), жалпы мәдени деңгей);
• Мұғалім жұмысының жүйелілігі (балалардың даму траекториясын есепке ала отырып, қызметті алдын-ала жоспарлау дағдысын игеруі, оқу-тәрбие міндетін өз пәні арқылы кешенді шешуге қабілеттілігі, педагог-әріптес, ата-ана-оқушы желісі бойынша ынтымақтастық жүйесін құруға қабілеттілігі):
• Кәсіптік жағынан өзін-өзі дамыту қабілеті биресми көрсеткіштерінің болуы курсаралық және ресми (өз бетімен білім алуы) оқуы;
• Педагогикалық қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігі.

5. Облыстық байқау алдын-ала өткізілетін және 3 негізгі турды қарастырады
Алдын-ала өткізілетін турға мыналар енеді:
1). Заңнамалық-нормативтік базадан, дидактикадан біліктілігін тестілеу 20 баллға дейін);
2). Сырттай жазбаша жұмысты бағалау (Эссе) (20 баллға дейін).
І тур. 2 кезеңнен тұрады:
1). Таныс емес сыныптағы ашық сабақ (сыныбы мен тақырыбы бағдарламалық материалға сай байқауға қатысушы өзі таңдайды), (40 баллға дейін);
2). Өткізген сабаққа өзіндік талдау жасау (20 баллға дейін).
ІІ тур. Педагогтар үшін шеберлік сыныбы (авторлық шағын семинарлар, тренинг, шағын оқыту дәрісі, әдістемелік панорама, әдістемелік кеңес беру, т.б.) (30 баллға дейін)
ІІІ тур. «Педагогикалық этика» мәселесі бойынша өзінің дербес тәжірибесінен педагогикалық жағдайларға байланысты талдау және ұсынбалар туралы жазбалардың тұсаукесері (30 баллға дейін).

6. Ұйымдастыру комитеті:
Байқаудың өткізу шараларына байланысты барлық мәселелерді шешіп, байқаудың бланктік құжаттарына сай, байқау талаптарын бағалаудың критерилерін жасақтау үшін, қазылар алқасыының жұмысын ұйымдастыру, жеңімпаздарды марапаттауды, БАҚ жарияланымын, басқа да ұйымдастыру мәселелерін іске асыру үшін құрылады.
Егер, байқау барысында дау-дамай туғызатындай жағдай бола қалса, ұйымдастыру алқасына сараптама комиссиясының қызметін атқаруға тура келеді.
Ұйымдастыру комитетінің жеке құрамы ОББ бастығының бұйрығымен бекітіледі. Ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы оның құрамынан сайланады.

7. Байқаудағы әділ қазылар алқасы
Қазылар құрамы білім беру, ғылыми, әдістемелік мекемелері мен білім беру басқармасы органдары, қауымдастық өкілдерінен құрылады;
Әділ қазылар алқасы байқау кезеңдерін байқауды өткізу тәртібіндегі 4-ші параграфта белгіленгеніндей бағалайды.
Әділ қазылар алқасының негізгі құрамына көмекші пәндік алқа енгізіледі. Олар І турдағы ашық сабақтарды бағалайды. Көмекші пәндік алқаға жоғары санатты пән мұғалімдері, әдіскерлер (үміткердің пәніне сай) енгізіледі.
Негізгі қазылар алқасы ІІ.ІІІ турға қатысушыларды бағалайды.
Әр пәндік сабаққа қатысатын әділ қазылар алқасы 5 адамнан (оның ішінде 2 мүше негізгі әділ қазылар алқасынан және 3-і көмекші құрамнан).
Әділ қазылар алқасының негізгі және көмекші құрамы ОББ бұйрығымен бекітіледі. (Қосымшаны қараңыз.)
Әділ қазылар алқасының жұмысының техникалық қамтылуы үшін хатшы мен аудармашы енгізеді.

8. Құжаттарды ұсыну тәртібі
Әрбір үміткерге төмендегі құжаттар жинақталуға тиіс:
• Ақпараттық анықтама:
1. Қатысушының аты-жөні;
2. Туылған мезгілі;
3. Мекен-жәйі;
4. Жұмыс орны, қызметі;
5. Мұғалімдік еңбек өтілі;
6. Білімі, бітірген оқу орны, жылы;
7. Диплом реттік саны;
8. Диплом бойынша мамандығы;
9. Санаты;
10. Марапаты (кәсіптік байқаулардағы жеңістері).
• Білім беру басқармасы және оқу орны басшысының қолы қойылған қысқаша кәсіптік мінездеме;
• Кәсіптік өсуі туралы әдістемелік даярлығы туралы мәліметтер, сондай-ақ жеке қызығушылығы мен үміткердің басқа да қырын көрсететін және оны шынайы бағалауға маңызы бар мәліметтері енгізілген түйіндеме;
• 4х6 өлшемді фотосуреті (2 дана, түрлі түсті);
• Шығармашылық жұмыс – «Мұғалім қызметі бүгінгі әлемде қалай өзгерді», «Болашақ түлек өмірлік құзыретін қалыптастырудағы менің пәнімнің рөлі», «Менің педагогикалық философиям», «Педагикалық әдеп және мұғалім мамандығының әлеуметтік мәні» деген тақырыптарға эссе (үміткердің таңдауы бойынша 1 тақырып);
• Қосымша материалдар (байқауға қатысушының таңдауына қарай).
• Барлық материалдар «Жыл мұғалімі» байқауының ұйымдастыру комитетіне қазақ және орыс тілдерінде жолданады.
• Ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы келіп түскен материалдарды тіркеп және оны әділ қазылар алқасының назарына ұсынады, қажет болғанда аударма жасайды.

9. Байқау жүлдегерлерін марапаттау:
Байқаудың әділ қазылары сыны нәтижесінде Бас жүлде иегерін анықталып, І, ІІ, ІІІ орындар мен байқаудың номинациялары бойынша лауреаттарды белгіленеді:
1). «АКТ пайдаланудағы шеберлігі;
2). «Үздік авторлық шешім»;
3). «Үздік эссе);
4). «Сабақтың озық сценариі үшін»;
5). «Педагогикалық даналық» (педагогикалық кездейсоқ жағдайдан шығудың озық әдепті жолы үшін).
Облыстық байқаудың жеңімпаздарына «Облыстық жыл мұғалімі» атағы беріледі. Жеңімпаздар мен байқау лауреаттары дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталады:
Бас жүлде – 300 мың теңге;
І орын – 200 мың теңге;
ІІ орын – 150 мың теңге;
ІІІ орын – 100 мың теңге.
Номинация бойынша лауреттар 20 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталады. Бас жүлдені иемденген байқау жеңімпазы Республикалық «Қазақстанның жыл мұғалімі» байқауында облыс педагогтарының намысын қорғайды.

Просмотров: 4982 | Добавил: Svetlana | Рейтинг: 4.0/3 |
Форма входа

Календарь новостей
«  Сентябрь 2009  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930

Поиск по новостям

Информеры



Праздники Казахстана

Погода

GISMETEO: Погода по г. Уральск


Доски объявлений

Мультимедийный   кабинет - MERiTS Доски объявлений, объявления на 495RU.ru


Copyright ZKOIPK © 2007-2024 Сайт управляется системой uCoz