Вторник, 14.05.2024, 15:36

Приветствую Вас Гость
Меню сайта

Наш опрос
Оцените наш сайт
Всего ответов: 203

Полезные ссылки

Статистика

Ваши данные
Узнай свой IP адрес

Главная » 2010 » Апрель » 14 » Қосымша білім беру педагогтары
Қосымша білім беру педагогтары
13:16
«Қосымша білім беру педагогтары» облыстық байқауын өткізудің
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер
1. Қосымша білім беретін педагогтардың облыстық байқауы (бұдан әрі Байқау) балалардың таланттарын, қабілеттерін, қызығушылықтарын дамытуда, білім алушылардың жалпы мәдениетін қалыптастыруда қосымша білім берудің рөлін көтеру мақсатында өткізіледі.
2. Облыстық байқау қосымша білім беру және тәрбиелеу практикасының мазмұнын жаңарту, қосымша білім беретін педагогтың кәсіби шеберлігін және еңбегінің беделін арттыру, баланың алдағы уақытта жеке тұлғасын қалыптастыру және дамыту үшін қосымша білім беру жүйесін сақтау жөніндегі педагогикалық идеяларды ізденуіне ықпал етеді.
2. Байқауға қатысушылар
Байқауға білім беру ұйымдарында балаларға қосымша білім беруді жүзеге асыратын, педагогикалық өтілі 5 жылдан кем емес қосымша білім беретін педагогтары: Балалар саз, өнер, көркемсурет мектептері, мектептен тыс ұйымдар, орталықтар және ЖОББМ қосымша білім беру педагогтары яғни: үйірме, секция жетекшілері.
3. Байқауды өткізу тәртібі
1. Облыстық байқау үшін кезең бойынша өткізіледі:
-мектепте немесе мектептен тыс ұйымда;
-аудандық, қалалық
-облыстық.
2. облыстық байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
- бейнелеу және сәндік қолданбалы шығармашылық;
- көркем шығармашылық;
- музыкалық, драмалық шығармашылық
- ғылыми-техникалық шығармашылық;
- экологиялық-биологиялық;
- туристік-өлкетану;

Байқаудың бағдарламасы
Байқау 2 бөлімнен тұрады:
- 1-ші бөлімі сырттай өтеді . Оған ??-шы мамырға дейін педагогтың папка оқу-тәрбие жұмысының материалдары жіберіледі.
Оның ішінде:
- «Менің білім беру бағдарламам» атты жүргізетін оқу-тәрбие жұмысының бағдарламасы. Бағдарлама жұмысының мазмұны, жүйелілігі, ғылымилығы, формасы, кімдерге арналғандығы, теориялық, практикалық құндылығы, қолдану мүмкінділігі, авторлық үлесі критерийлері бойынша бағаланады;
- Жұмыстарының жетістіктері, нәтижесі;
- Бұқаралық ақпараттық басылымдары;
- Ашық сабақ. Қосымша білім беретін педагогтар жоғары буын оқушыларына 45 минуттық, кіші мектеп жасындағы балаларға 35 минуттық ашық сабақтары видеотаспа түрінде жіберіледі.
2-ші бөлім күндізгі сайыс ретінде Орал қаласында (өтетін орны
ақпараттық хатта көрсетіледі) ?? мамырда өтеді.
- «Менің педагогикалық сенімім» өзіндік тұсау кесері. Сөйлеу уақыты 10 минут. Осы тапсырмада қатысушы өзінің жетекші педагогикалық идеяларын, өмірлік басымдықтарын, балаларға, әріптестеріне, мамандығына деген қатынасын көрсету керек.
- «Менің білім беру бағдарламам» - панорамалық сабақ көрсетеді (15 минут).
Облыстық байқауға қатысу туралы ұсыныс
1. Аты-жөні (толығымен)
2. Туған жылы
3. Жұмыс орны, қызметі
4. Жұмыс орнының адресі,телефон және үйінің адресі,үй және сот. телефоны
5. Білімі туралы мағлұмат
6. Педагогикалық өтілімі
7. Педагогикалық санаты
8. Қосымша қажетті мағлұмат болса тіркеулеріңізге болады.
9. Байқау кезінде қай турда қандай құрал жабдықтар қажет екендігі көрсетіледі. (Нақты).
10. «Білім беру бағдарламасына ену» атты ашық сабақтар туралы сабақ беретін балалардың жасы мен бала саны, қай тілде жүргізілетіні көрсетіледі.
11. Облыстық байқау білім ұйымының бұйрығымен берілген жетекшінің қолымен бекітілген ұсыныс қатысушының кандидатурасын ұйымдастыру комитетінің атына 2010 жылдың ?? мамырына дейін облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының тұлғаны әлеуметтендіру орталығына жіберіледі (207 каб.) Тел. 54-38-37, факс 54-37-00.

Байқауды қаржыландыру
1. Байқаудың алғашқы кезеңін өткізуді, сонымен қатар байқаудың қорытындысы бойынша облыстық білім басқармасының дипломымен марапатталады.
2. Облыстық байқауға қатысушылардың жолы, тұруы, тамақтануы шығыстары аудандық білім бөлімдері есебінен және қатысушылардың іссапар кезеңі айлық жалақысы сақталады.

Просмотров: 4176 | Добавил: Svetlana | Рейтинг: 4.5/2 |
Форма входа

Календарь новостей
«  Апрель 2010  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930

Поиск по новостям

Информеры



Праздники Казахстана

Погода

GISMETEO: Погода по г. Уральск


Доски объявлений

Мультимедийный   кабинет - MERiTS Доски объявлений, объявления на 495RU.ru


Copyright ZKOIPK © 2007-2024 Сайт управляется системой uCoz