Воскресенье, 19.05.2024, 08:41

Приветствую Вас Гость
Меню сайта

Наш опрос
Оцените наш сайт
Всего ответов: 203

Полезные ссылки

Статистика

Ваши данные
Узнай свой IP адрес

Главная » 2009 » Сентябрь » 7 » Положение о конкурсе Лучшая внешкольная организация
Положение о конкурсе Лучшая внешкольная организация
16:53
«Үздік мектептен тыс мекеме» байқауының
ЕРЕЖЕСІ

«Үздік мектептен тыс мекемел» байқауы қосымша білім беретін мектептен тыс мекемелердің жүйесін сақтау және дамыту оның материалдық техникалық базасын одан әрі нығайту, дарынды балаларды іздестіру, тәрбиелеу және олардың кәсіптік шеберлігін арттыру, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйым қызметкерлерінің беделін және олардың кәсіптік шеберлегін арттыру, қосымша білім беретін мектептен тыс жұмыс түрін жетілдіру мақсатында көздейді.

Байқаудың шарты1. Байқауға қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдардың барлық түрлері қатысады. Оқушылар Сарайы (Үйі), жас техниктер, табиғатшылар, туристер станциясы, балалар мен шығармашылығы орталықтары, экобиологиялық орталықтар, «Өнер», музыка және көркемсурет мектептері.
2. Байқау екі кезеңнен өтеді: аудандық (қалалық), облыстық. Байқауды ұйымдастыру және өткізу аудандық (қалалық) білім бөлімдері, облыстық білім басқармаларына жүктеледі.
3. Қосымша білім беретін мектептен тыс мекемелердің байқауын өткізуде және қорытындылауда төмендегі мәселелер ескеріледі.

1. Қосымша білім беретін мектептен тыс мекеменің қызметі:
- аймақтық ерекшеліктері ескерілген үйірмелердің аты және саны;
- үйірмелер, клубтар және секциялар жұмысының нәтижелігі, оқушылар жетістігі;
- үйірмені қосымша білім беруге ауыстыру;
- қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымның Қазақстандық патриотизм мен салауатты өмір сүруді қалыптастырудағы қызметі;
- ұйымның жазғы мерзімдегі қызметі;
- үйірме саласы бойынша білімін немесе жұмысын жалғастырған оқушылар туралы мәліметтер;
- ата-аналармен және жұртшылықпен жұмыс.
2. Педагогикалық ұжым жұмысын ұйымдастыруы:
- жұмыстың ұйымдастырылуы мен оның жоспарлануы;
- бақылау және басшылық жасау;
- еңбек тәртібінің жағдайы;
- еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастыруды ендіру;
- ұжымның ауызбіршілігі;
- педагогикалық шеберлікті жетілдіру және біліктілікті көтеру жұмысының тиімділігі.
3. Байқаудың өту мерзімі:
- «Үздік мектептен тыс мекеме» облыстық байқау мәресіне қатысатындарды тіркеу үшін облыстық ұйымдастыру комитетіне төмендегі құжаттар ұсынылады:
- Қосымша білім беретін мектептен тыс ұйым жұмысының мазмұны мен бағыттарын көрсететін материалдар;
- Баспа материалдары, 20 минуттық аудио-бейне материалдар (ғимараттың сыртқы көрнісі, ішкі интерьері, бөлмелері, үйірменің және секцияның әдістемелік жұмыстары, еңбектің ұйымдастырылуы, мектеппен, ата-анамен және жұртшылықпен жұмыс);
- Авторлық бағдарламалар
Аудандық (қалалық) білім бөлімдері және облыстық мектептен тыс ұйымдарының үздік көрсеткішке ие болған мектептен тыс материалдарын 2009 жылдың 1 қазанға дейін облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты, тұлғаны әлеуметтендіру және этнопедагогика орталығына жіберілсін. (207 каб).

Марапаттау
Облыстық байқау қорытындысы бойынша анықталады.
Жеңімпаздар грамота, диплом және құнды сыйлықтармен марапатталады.

Қаржыландыру
Аудандық (қалалық) облыстық байқауды ұйымдастыруға, жеңімпаздарды марапаттауға қаржыны тиісті аудандық (қалалық) облыстық білім басқармалары бөледі.
Байқауға ұсыныс, тәжірибелік сипаттама бейнекассеталар және жұмыс жөнінде көрсетілген пікірлерді 2009 жылдың 1 қазанға дейін мына адреске жіберілсін:
ОПКБА ж ҚДИ, Евразия көшесі 2008 үй 207 кабинет.
Тел. 54-38-37, тел. факс 23-75-02.

Просмотров: 1399 | Добавил: Svetlana | Рейтинг: 4.0/1 |
Форма входа

Календарь новостей
«  Сентябрь 2009  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930

Поиск по новостям

Информеры



Праздники Казахстана

Погода

GISMETEO: Погода по г. Уральск


Доски объявлений

Мультимедийный   кабинет - MERiTS Доски объявлений, объявления на 495RU.ru


Copyright ZKOIPK © 2007-2024 Сайт управляется системой uCoz