Главная » 2010»Июнь»24 » Портфолио – оқушылар жетістігінің коллекциясы
Портфолио – оқушылар жетістігінің коллекциясы
15:13
Портфолио – оқушының жеке жетістігін жинақтау және бағалау тәсілі. Американдық және еуропалық білім беруде портфолио «оқушы жұмысының жетістігі мен озықтығын көрсететін коллекция» ретінде анықталады. Портфолионы мектепте пайдалану идеясы өткен ғасырдың 80- жылдары АҚШ-та пайда болды. 90- жылдары негізгі мектептің барлық оқушылары үшін ұсынылды. Бұл әдістеме оқушылардың қызығушылық аясын анықтауға, олардың өз бейініне сәйкес мектептің жоғарғы сатысында сауатты түрде таңдау жасауға мүмкіндік береді. Портфолионың қолданыстағы бағалау жүйесінен басты айырмашылығы неде? Бағалаудың 5 балдық дәстүрлі жүйесі мен тестілеу негізінен, білімдегі кемшіліктерді анықтаса, портфолио оқушының үйірме, олимпиада, жарыс, шығармашылық конкурстар, сабақтардағы жетістіктерін көрсетеді. Портфолионың негізгі мақсаты: оқушының білім алу процесі бойынша есебін ұсыну, оның оқудағы жетістігін бақылау, маңызды білім нәтижесін көру, оқушы жетістігін сапалық және сандық жағынан бағалау. Мазмұны бойынша портфолионы 3 моделге бөледі. Құжаттар портфолиосы - сертификатталған жеке білім жетістіктерінің портфелі. Оған жататындар: диплом, грамота, оқушының мектепте және одан тыс белсенділігі мен табысын растайтын басқа да ресми құжаттар. Жұмыс және жоба портфолиосы. Оқушының әр түрлі шығармашылық және жобалық жұмыстарының жинағы, сондай-ақ оның оқу және шығармашылық белсенділігінің негізгі түрі мен бағыттарының сипаттамасы: ғылыми конференция, конкурстарға қатысуы, факультатив өтуі, спорт пен өнердегі жетістіктері т.б. Портфолионың осы түрін оқушы жұмысының, суретінің, бейне жазбасының қосымшасы берілетін шығармашылық кітапша ретінде рәсімдеуге болады. Пікірлер портфолиосы- оған мұғалімдер, сыныптастар, сондай-ақ өзінің жұмысы мен оның нәтижесі туралы оқушының жазбаша талдауы енгізіледі. Ол қорытынды, пікірлеме, пікір, резюме, ұсыныс хат пакеті түрінде болуы мүмкін.