Вторник, 14.05.2024, 11:17

Приветствую Вас Гость
Меню сайта

Наш опрос
ЛУЧШИЙ РЕСУРСНО-ИНФОРМАЦИОННЫЙ ЦЕНТР ШКОЛЫ ПРИ КАБИНЕТЕ ИНФОРМАТИКИ (смотите на страницах Форума)
Всего ответов: 155

Полезные ссылки

Статистика

Ваши данные
Узнай свой IP адрес

Главная » 2009 » Декабрь » 7 » Құқықтық мәдениетті қалыптастыру байқауы
Құқықтық мәдениетті қалыптастыру байқауы
11:59
Балалар мен жасөспірімдерге құқықтық мәдениетті қалыптастыру
бойынша облыстық үздік тәрбие сағаттары байқауының
қорытындысы туралы

Облыстық білім басқармасының 2009 жылғы 14 қыркүйектегі №638 бұйрығына сай ағымдағы жылдың 25-26 қараша күні кәмелетке толмағандарды толеранттылыққа тәрбиелеу, қылмыс пен нашақорлықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың тиімді жолдарын анықтау, педагогтардың біліктілігін арттыру, мәселенің өзектілігін ашу, тәжірибе алмасу,осы бағыттағы тәрбие жұмысын жүйелендіру, шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты ұйымдастыруымен №19 ЖББОМ базасында балалар мен жасөспірімдерге құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша облыстық үздік тәрбие сағаттары байқауы өткізілді.
Байқау ашық қатысумен өткізілді. Байқауға барлық ауданнан ( Бөрлі, Ақжайық, Бөкейорда, Тасқала, Теректі, Шынғырлау, Казталовка, Жәнібек, Жаңақала,Зеленов,Қаратөбе,Сырым), облыстық мектептерден БҚОДБАМ С.Сейфуллин атындағы №11 қазақ мектеп-интернат кешені, М.Өтемісов атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернат және Орал қаласынан №36 ЖББОМ қатысты.
Байқау 3 турдан өтті.
I – тур жазба түріндегі жинақ папкілер,фото альбомдар, бейне дискілер қаралып, сараптамадан өткізіліп, бағаланды..
II – тур үздік тәрбие сағатын кесте бойынша өткізді.
III – тур «өзіндік тұсау кесер» жұмысы жасалды.
Әділқазылар алқасы келіп түскен материалдардың тақырыпқа сәйкестігін,сауаттылығын, тиянақтылығын және эстетикалық безендірілуін жақсы бағалап, кейбір жұмыстардың яғни зерделеулер қорытындысы, алдын алу жұмыстарының тиімділігін анықтайтын сауалнамалар, мүдделі органдармен жүргізілген жұмыстардың және жұмыстың тиімділік мониторингісінің талапқа сай еместігін атап көрсетті.
II – тур бойынша «Үздік тәрбие сағаттары» сайысында тақырыптың өзектілігі, жүйелілігімен, әдістемелік жаңашылдығымен, жаңа технологияны қолдануымен, шығармашылық ізденісімен, ерекшелігімен, ұшқырлығымен, әдістемелік шеберлігі және тапқырлығымен, халық педагогикасының дәстүрлерін пайдалануымен, сынып сағатының ұйымдастырылуында: оқушыларды қатыстыра білуі, оқушы үшін маңызды сұрақтардың қойылуы, оқушылардың сабаққа белсенді еркін қатынасуымен ерекше көзге түскен қатысушылар: Ә.Т.Сагинова (Ақжайық), Г.А.Мақсотова (Бөрлі), Қ.О.Орынғалиева (№36 ЖББОМ), Ж.А.Мақсотова (Бөкейорда), Н.О.Сахмиденова (Тасқала), Н.Т.Дүзбатыров (Зеленов), Н.С.Қуанаева (Қаратөбе) .
III – тур «өзіндік тұсау кесер» сайысында оқу жылы бойы жүргізілген жұмыс бағыты, ерекшелігі, сөйлеу мәдениеті мен эрудициясы, құрылымның жүйелілігі, сынып жетекшісінің педагогикалық тапқырлығы және уақытты ұтымды пайдаланған мұғалімдер: №11 С.Сейфуллин ат.ДБАМИК мұғалімі А.О.Байжиенова, А.Т.Мырзағалиева Теректі ауданы, Н.С.Қуанаева Қаратөбе ауданы. Сонымен қатар әділ қазылар алқасы тәрбие сағаттарының қызықты ,тақырыпқа сәйкестігін белгіледі. Көптеген қатысушылар тәрбие сағатын құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында таңдағанын атап көрсетті.
Көптеген байқауға қатысушылар берілген ереже талабына сай материалдарды толық бермеулеріне байланысты және нақты жұмыстарын көрсете алмағандықтан байқауда тиісті бағасын ала алмады.
Байқау қорытындысы бойынша
1 орын- Ақжайық ауданы Бударин ЖББОМ мұғалімі Ә.Т.Сагинова
2 орын – Бөрлі ауданы №2 ЖББОМ мұғалімі Г.А.Мақсотова
2 орын- Орал қаласы №36 ЖББОМ мұғалімі Қ.О.Орынғалиева
3 орын-Тасқала ауданы, С.Жақсығұлов ЖББОМ Н.О.Сахмиденова
3 орын-Зеленов ауданы Қ.Аманжолов ЖББОМ мұғалімі Н.Т.Дүзбатыров
3 орын – Бөкейорда ауданы Қ.Сағырбаев ат.М.Б. Ж.А.Мақсотова сыйлықтар және дипломдармен марапатталды.
Облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты тұлғаны әлеуметтендіру орталығы байқауға қатысушылардың тәрбие жұмыстарынан іс-тәжірибелер жинағын шығарады.
Келешекте болатын облыстық байқауларға қатысып іс-тәжірибе алмасуларың сұралады.

Ж.А.Еркеғалиева,
Тұлғаны әлеуметтендіру және этнопедагогика
орталығының әдіскері

Просмотров: 2246 | Добавил: Svetlana | Рейтинг: 5.0/1 |
Форма входа

Календарь новостей
«  Декабрь 2009  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Поиск по новостям

Информеры



Праздники Казахстана

Погода

GISMETEO: Погода по г. Уральск


Доски объявлений

Мультимедийный   кабинет - MERiTS Доски объявлений, объявления на 495RU.ru


Copyright ZKOIPK © 2007-2024 Сайт управляется системой uCoz