Батыс Қазақстан облыстық информатика пәні мұғалімдеріне қашықтық олимпиадасын өткізу туралы Ереже Батыс Қазақстан облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты Білім Департаментімен және ОИПК және ППК арқылы бекітілген жоспармен облыстық информатика пәні мұғалімдеріне қашықтық олимпиада өткізеді. 1. Олимпиада мақсаты: • Информатика пәні мұғалімдерінің жұмыс жетістіктерімен танысу және жаңа ұсыныстар қабылдау және ИКТ пайдаланып білім берудің түрлі формалары мен әдістерін ортаға салу. • Информатика пәні мұғалімдерінің Интернет желісі арқылы әдіс алмасу, олимпиадаға әзірлене отырып мектептен халықаралық деңгейге шығуға ұмтылдыру, көмектесу. • Информатика пәні мұғалімдерін методикалық ұсыныстармен , дидактикалық материалдармен ,сабақтармен , сабақтан тыс шаралармен және «Информатика пәні мұғалімінің ұстаздық жинағы» әдістемелік жинағымен қамтамасыз ету. Сонымен бірге желілік ақпараттармен хабардар болуы. • Информатика пәні мұғалімдерінің желілік ұйымының - әдістемелік бірігуі , ғылыми-шығармашылықпен жұмыстануы. 2. Конкурсты ұйымдастыру Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу үшін әділқазылар алқасы мен ұйымдастыру комитеті құрылады. Олимпиаданы ұйымдастырып өткізу үшін ұйымдастыру комитеті мен әділ қазылар алқасы құрамына облысымыздың білім басқару бөлімінің басшылары, әдіскерлер, жоғарғы санатты мұғалімдері енеді. 3. Кокурсқа қатысушыларға Конкурсқа Батыс Қазақстан облысының жалпы орта білім беретін мектептердің , лицейлердің, кәсіптік мектептердің, колледждердің шығармашылықпен жұмыс істейтін информатика пәні мұғалімдері қатыса алады. Қатынасатын мұғалімдердің санына шек қойылмайды. 4. Конкурсқа қатысу реті мен мерзімі. 4.1 Конкурс қашықтан , яғни сырттай өтіледі. Конкурсқа әзірлену бөлімі - 7-сәуірден 21 сәуірге дейін - қатысатын мұғалімдер арызы, оларды тіркеу , өздері туралы мағлұматты электронды поштамен жіберу. Конкурс өтетін уақыт - 22 сәуірден 12 тамыз аралығы Конкурсты қорытындылау - 26-27 тамыз. 4.2 Облыстық конкурстың құжаттары туралы: Конкурсқа қатынасушылар ұйымдастыру комитетіне төмендегі құжаттарды тапсырулары тиіс: • Облыстық олимпиадаға қатынасу туралы арыз. Конурсқа қатынасушыларды тіркеу Батыс Қазақстан облысындағы , ИПК және ППК сайтындағы форумда http://www.zkoipk.ucoz.ru , бөлімі «Инорматитердің қашықтық олимпиадасы». Қатысушылар тіркелгенде Фамилиясын, атын , әкесінің атын, тұрғылықты жерінің адресін толықтай көрсетуі тиіс. Тіркелу уақыты - 21 сәуір 2008 жылы аяқталады. • Олимпиаданың тапсырмалары туралы қосымша ақпарат тіркелу аяталған соң беріледі. Олимпиада тапсырмалар туралы сұрақтарды негізгі беттегі қосымшадан қараңыз. Орындалған тапсырмалар мына адреске жіберіледі olimp_zkoipk@mail.ru Қабылдау уақытының соңы - 12 тамыз 2008 жыл Олимпиада құжаттары қазақ және орыс тілдерінде беріледі. Олимпиадаға қатынасатын, тіркеуден өткен қатынасушылар орындаған тапсырмаларын электронды түрде жібереді. Тапсырма санын қатысушылар өздері таңдайды. Тапсырма 1. Компьютерде суретсалу. Суреттерді кез-келген графиктік редакторде салуға болады. Мазмұны:еркін. Шарттары: көлемі-50Кбайттан аспауы керек, кеңейтілуі gif. jpg. Әр қатысушы 3 суреттен асырмауы қажет. Ең жоғарғы бағасы-30 балл. Тапсырма 2. «Көңілді оқиғалар» (Веселые истории) атты компьютерлік анимация құру. Анимациялық фильмдерді Macromedia Flash –те немесе кез-келген басқа редакторде жасауға болады. Мазмұны: еркін, тақырыпты ашатын. Шарттары: көлемі-500Кбайттан аспауы керек, архивтелген. Ең жоғарғы бағасы-30 балл. Тапсырма 3. «Информатика- кеше, бүгін, ертең» атты электронды газет жасау керек. Міндетті рубрикалар: А. Олимпиада қатысушыларына жалынды жолдау. Б. Информатика сабағында нені және қалай оқыту керек. В. Білім беру жүйесін ақпараттандырудың болашағы және мәселелері. Г. «Әзіл- бұл парасаттылық» атты әзіл-оспақ, мектеп және мұғалімдер өмірінен анекдоттар. Д. Өзіңіздің жеке суреттеріңіз, безендіруіңіз (иллюстрация) (қосымша балл береді) Құру құралы: MS Word, Publisher, PageMaker. Шарттары: көлемі-2 бет (500Кбайттан аспауы керек). Ең жоғарғы бағасы-50 балл. Тапсырма 4. Білім берудегі пәндерді әртүрлі Интернет ресурстары арқылы көрсете алатын «Әлемге битпен» атты сайт құру.(мыс: олардың ақпаратын көрсете алатын қызықты сайттарға сілтемелер). Құру мақсаты: Мұғалімдерге және оқушыларға әртүрлі тақырып және пәндер бойынша ақпарат іздеуді жеңілдету. Құру құралы: HTML тілі, FrontPage. Шарттары: көлемі-500Кбайттан аспауы керек. Ең жоғарғы бағасы-50 балл. Тапсырма 5. Оқыту ролик құру.(презентация): Кіріктірілген сабақ (Интегрированный урок) «Информатика+МЕКТЕПТЕГІ ОҚЫТЫЛАТЫН ПӘН» Құру құралы: PowerPoint, ACTIVstudio. Мазмұны: еркін. Шарттары: көлемі-500Кбайттан аспауы керек. Ең жоғарғы бағасы-70 балл. Тапсырма 6. Microsoft Excel –де сынып жетекшісінің электронды журналын құру. Журналда оқушылардың ағымдағы, тоқсандық, жылдық бағалары көрініп тұруы керек. Сыныптағы оқушылардың білім, білік, дағдыларын сараптау және мониторингісін шығару процесстері автоматтандырылғандығы көрсетілуі керек. Ең жоғарғы бағасы-70 балл. Тапсырма 7. Тестілерді ґѕдеуіге арналєан баєдарламалыќ ќамтамасыз етуді құру. Құру құралы: Visual Basic, VBA, Delphi, Java, Turbo Pascal, Flash. Безендіру: еркін. Баєдарламалыќ ќамтамасыз етуге қойылатын талаптар: Бағдарлама екі режимде жұмыс жасауы керек: Оқыту (ағымдағы жауап беріп отырған тестінің дұрыс жауабын алғаннан кейін келесі тестке көшу керек); Білім тексеру. Ең жоғарғы бағасы-80 балл. Барлық тапсырмалар мына адреске olimp_zkoipk@mail.ru 18 тамыз 2008ж дейін жіберілуі тиіс. 6. Олимпиаданы сараптама жасау критерийлері мен қорытындылау тәртібі Қазылар алқасы ұсынылған жұмыстарды көрсетілген критерийлер негізінде талдау жасайды. (п. 6). Сараптама нәтижесі мен қорытындысы Ұйымдастыру комитетіне тапсырылады(мерзімі 24 тамызға дейін). Ұйымдастыру комитеті қазылар алқасының барлық жұмыстар бойынша кепілдемесін қарастыра отырып жеңімпаздарды бекітеді.. 6.1. Қазылар алқасы жүлдегерлерді келесі көрсеткіштер бойынша анықтайды: - Кәсіби шеберлігі, құзыреттілігі мен тұлғалық сапасы (шығармашылығы, тапқырлығы, т.б) оқытудың авторлық технологиясы. 6.2. Конкурстық материалдарға қойылатын негізгі талаптар: Олимпиадаға ұсынылған жұмыстар мыналарды көрсете алуы керек: Представленные на олимпиаду разработки должны отражать: • Тапсырмаға сәйкес материалдың толықтығы; • Қол жетімділігі; • Көрнектілігі; • Технологиялылығы; • Тиражбен таратуға дайындығы; • Материалдың безендірілуінің талғамға сай болуы. 7. Жеңімпаздарды марапаттау тәртібі. Байқау қорытындысы және қатысушыларды марапаттау салтанатты жағдайда өтеді. Облыстық байқау жеңімпаздары дипломмен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. 3 жүлделі орын тағайындалады: І, ІІ және ІІІ орындар. Жүлделі орындар неғұрлым толық, қызықты 4 тапсырмадан кем емес жұмысты орындаған қатысушыларға беріледі. Қалған қатысушылар келесі номинациялардың жеңімпазы болуға ұсынылады: мұғалім-бағдарламашы мұғалім-әдіскер мұғалім-дизайнер мұғалім-шебер мұғалім-баспагер «Ең үздік сайты үшін» «Ең үздік оқу ролигі үшін » «Ең үздік электронды журналы үшін» «Ең үздік газеті үшін» «Ең үздік анимациялық фильмі үшін» «Ең үздік компьютерлік суреті үшін» Координаторлармен байланыстар: Айтбукешев Айдарбек Тулепович, тел.: 8 (7112) 23-75-02. Обыденкина Лариса Валентиновна,. тел.: 8 (3112) 23-75-27, факс. 8(7112) 23-75-02, e-mail: risa8@ok.kz. Коровина Светлана Валериевна, тел.: 8 (7112) 54-37-01, e-mail: olimp_zkoipk@mail.ru
|