Жазғы кезеңде балалардың демалысын, сауықтыруды және жұмыспен қамтуды үздік ұйымдастыру үшін республикалық байқауды өткізу ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер. 1. Бұл ереже облыстық байқаудың мақсаты мен міндеттерін, оның өту тәртібін және қаржыландыруын анықтайды. 2. Байқаудың мақсаты: - демалыс кезінде жеке тұлғаны дамыту үшін қажетті жағдай жасау үшін балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтыру және жұмыспен қамту жүйесін одан әрі дамыту. Міндеттері: - балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтыруды және жұмысын қамтуды ұйымдастырудың ең үздік жұмыс тәжірибелерін анықтау және насихаттау; - каникул кезінде балалардың демалысы, сауықтыру және жұмыспен қамту саласындағы педагогикалық инновациялық қолдау көрсету; - каникул кезінде кәмелетке толмағандар арасында заң бұзушылық пен қадағалаусыздықтың алдын алу әдістерін жетілдіру; - Жазғы кезеңде балалармен жұмыс жүргізудің бұқаралық түрін дамыту. 3. Облыстық байқауды білім департаментінің ұйымдастырумен Республикалық байқау ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы (РҚББОӘО) өткізеді. 2. Өткізілетін орны және уақыты, тәртібі. 4. Жазғы кезде балалардың демалысын, сауықтыруды және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін облыстық байқау 2008 жылдың 9-10 қыркүйегінде өткізіледі. Бірінші кезең – аудандық (наурыз-шілде, 2008 жыл); Екінші кезең - облыстық ( қыркүйек, 2008 жыл); Үшінші кезең – республикалық (қазан, 2008 жыл). Үздік білім беру ұйымдары мынадай номинациялар бойынша анықталады: - үздік жалпы білім беру мекемесі (қалалық, ауылдық); - үздік қосымша білім беру мекемесі (қалалық, ауылдық); - үздік лагерь (қала сыртындағы стационарлық, туристік, шатырлы лагері, экспедициялар және т.б.) 5. Конкурстың бірінші және екінші кезеңдерін өткізу уақыты облыстық білім департаментінің бұйрығымен анықталады. 6. Облыстық байқауды дайындау және ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіру және іске асыру үшін ұйымдастыру комитеті құрылады. 7. Облыстық байқау 2008 жылдық 9-10 қыркүйегінде ұйымдастырылады. Байқау сырттай өткізіледі. Үздік материалдарды облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының тұлғаны әлеуметтендіру және этнопедагогика орталығына (207 каб) 2008 жылдың 27 тамызына дайін жіберіледі. Байқауға қатысушылар Облыстық байқауға білім беру ұйымдарының барлық түрі қатыса алады: мектептен тыс ұйымдар, лицей-гимназиялар, демалыс лагерьлері, клубтары және т.б. Байқауға жіберілетін материалдарға қойылатын талаптар 1. Облыстық кезеңіне қатысу туралы өтінім. 2. Білім беру ұйымдарының жазғы кезеңде балалардың демалысын және сауықтыруды ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарын кеңінен ашып көрсететін материалдары. Бұл материалдар мынадай мәліметтерді қамтиды: - жазғы демалысты ұйымдастыруға қатысқан ұйымдардың жалпы тізімі, қатысқан педагогтардың саны, қамтылған балалардың дайындық көрсеткіші; - 2007,2008 жылдардағы жазғы кезеңде жұмысты ұйымдастыру тиімділігінің салыстырмалы талдауы; - ұйымның материалдық жағдайы; - балалардың жазғы демалысын, сауықтыруды және қамтуды ұйымдастыру әдіс-тәсілдерін жетілдірудегі инновациялық қызметтерді әдістемелік қамтамас деңгейі; - өткізілген бұқаралық шаралардың, сценарийлердің тізімі; - қатысушы белсенді ұйымдардың үздік жұмыстары буклет, альбом, фотосурет, суреттер, плакат түрінде ұсынылған көрнекті материалдардың әр түрлілігімен анықталады. - Баспа өнімдері, фотосуреттер; - Жазғы демалыс жөніндегі түсірілген бейнематериалдар (ұзақтығы 10 минуттан аспау керек) Байқаудың материалдары баспа түрінде және электронды түрінде ұсынылады. Ұсынылған материалдар қайтарылмайды, пікір жазылмайды. Байқауды қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау Жеңімпаздарды әділқазылар алқасы анықтайды. Облыстық кезеңінің жеңімпаздары білім департаментінің дәрежелі дипломдары мен марапатталады. Бас жүлдеге ие болған ұйымдардың материалдары республикалық байқауға жіберіледі.
|