12 жылдық мектеп жағдайындағы жұмысқа бастауыш мектеп педагогтарының дайындығы
Аудандар бойынша 6 жылжымалы курстар ұйымдастырылды. Соның ішінде Жаңақала ауданы бойынша-31,Бөкейорда ауданынан-30,Казталовка ауданынан-30, Сырым ауданынан -30, Ақжайық ауданынан -30 мұғалім курстан өтті. 2 дәрістік модуль, оның ішінде 2-і электронды түрде мынадай тақырыптарда: «12 жылдық білім беру жағдайындағы бастауыш мектепте тәрбие мен білім берудің тұжырымдамалық негіздері» (17 курс), «Бастауыш білім беру үрдісіндегі жаңа интерактивті технологиялар»(7 курс) жасақталды. Курстың негізгі мақсаты 12 жылдық білім беруді енгізу жағдайындағы жалпы бастауыш білім берудің Тұжырымдамалық негіздері мен стандарт жобалары негіздерімен таныстыру; Оқытудың жаңа технологияларын тәрбие үрдісіне енгізу жолдарын көрсету. 10 семинар өтті,оның ішінде 3-і жылжымалы семинарлар. Жалпы аудандар бойынша 644 мұғалім (26,8%). Ақжайық ауданынан-34 (13,6%),Бөкейорда ауданынан-46 (52,2%),Бөрлі ауданынан-76 (38%),Жаңақала ауданынан-68(57%),Жәнібек ауданынан-33(36,2%),Зеленовауданынан-78(30%),Казталовка ауданынан-63 (29%),Қаратөбе ауданынан-30 (31%),Сырым ауданынан-35(31%),Тасқала ауданынан-17(21,5%),Теректі ауданынан-37 (16%),Шыңғырлау ауданынан-35 (51,4%),Орал қаласынан -92 (16%), Облыстық мектептерден -11(100%) ,Колледжден -1 мұғалім өз білімдерін жетілдіріп,курспен қамтылды. Бастауыш сынып мұғалімдері,әдіскелер үшін «12 жылдық білім беру эксперимент жағдайындағы мектептердің іс-тәжірибесі» туралы №44 ЖОББМ,№9 ЖОМ,Сырым ауданындағы Қ.Мырзалиев атындағы мектептерде семинар-практикум ұйымдастырылып өткізілді. «Орта жалпы білім беретін мектептерде «Тәй-тәй»бағдарламасы арқылы отбасы-балабақша жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында №43,№28 ЖОББМ-де,№27 «Жігер» МдҰ,№31 «Балдәурен» базасында ұйымдастырылды. Курсқа қамтылған мұғалімдер 11 жылдық және 12 жылдық мектептің бастауыш білім беру үрдісіндегі интерактивті инновациялық технологияларды қолданудың сабақтастықтың – нәтижелі білім берудің негізі екендігін меңгерді, жалпы бастауыш білім берудегі тиімді интерактивті технологияларды қолдану мәселелері бойынша біліктіліктері көтерілді. Бастауыш білім беру үрдісіндегі оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін меңгеріп, жаңа технологияларды оқу-тәрбие жұмысында қолдану жолдарымен танысып, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Шығармашылықпен жұмыс жүргізетін мұғалімдердің іс-тәжірибесін негізге ала отырып, өз жұмыстарына қолдана алатынын тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Курсқа қатысушы ұстаздардың пікірінше лекторлар құрамының сапасы, берген дәрістер мен сарамандық жұмысты жүргізу деңгейлері заман талабына сай деп бағаланды.